УОК 616.71-007.234(083.13)
Д.О. Ахметжанова, Р.Л. Иванова
Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті, Казахстан
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНІ САУ БАЛАЛАРЫНДА КҮЗ-ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ СҮЙЕК ТІНІНІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫНЫҢ D ДӘРУМЕНІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ
Балалардағы D гиповитаминозы әлем педиатрларының арасындағы өзекті және кең таралған мәселелердің бірі болып табылады. D дәруменінің кең танымал себебі ретінде оссификация үрдісі мен кальций-фосфор алмасуының бұзылуымен жүретін ерте кезеңнің ауруы - рахит қарастырылады. Географиялық аймағына байланысты Қазақстанда синтездеуге жеткілікті болатын D дәруменінің күн арқылы инсоляциясы ерте көктемнен ерте күзге дейін ғана, яғни 4-5 ай көлемінде ғанан жүзеге асады. Қазақстандағы балалар арасындағы D дәруменінің гиповитаминозы және сүйек минерализациясының бұзылуы осы уақытқа дейін белгісіз болса да, қазіргі уақытта белсенді түрде зерттеліп жатыр.
Зерттеу мақсаты. Семей қаласының дені сау балаларында күз-қыс мезгіліндегі сүйек тінінің минералды тығыздығы және D дәруменімен қамтамасыз етілуін бақылау.
Материал және әдістері. Семей мемлекеттік медициналық университетінің педиатрия дисциплинасы кафедрасында дені сау балаларға зерттеу жүргізілді. I–II денсаулық тобындағы 5-17 жас аралығындағы Семей қаласында және өңірінде тұратын 70 бала алынды — ұлдар (40) және қыздар (30). Зерттелушілердің орташа жасы 10,6 ±3,1 жас, ұлдар — 10,8±2,9 жас, қыздар — 10,4±3,4 жас.
Нәтижелері және талқылауы. 25(ОH)D барлық зерттелгендердің сарысуындағы мөлшері 10,5 (6,0 : 15,6) нг/мл, ұлдарда 9,6 (5,8 : 15,3) нг/мл, қыздарда — 12,1 (6,1 : 15,9) нг/мл. Баллардың 93% (65/70) қан сарысуындағы Dдәруменінің 20 нг/мл төмен (орташа есеппен — 9,7 (5,9 : 13,9) нг/мл),соның ішінде мөлшері 10 нг/мл төмен 34 бала, сол 34 баланың ішінде 11де 4 нг/мл төмен болды( бұл құрылғының анықтайтын мөлшерінен де төмен).
Барлық зерттеу тобындағы денситометриялық көрсеткіштер төмендегідей болды: BMC — 27,17 (18,84 : 39,47) г, BMD — 0,764 (0,693 : 0,870) г/см2, BMD TBLH — 0,780 (0,703 : 0,880) г/см2. Зерттелген балалардың 1,4% (1/70) хронологиялық жасына есептегенде BMD мәні өте төмен болды.
Қорытынды. Семей қаласындағы дені сау балалардың арасында сүйек массасының мен тығыздығының дефицитіне D дәруменінің гиповитаминозы кеңінен таралған, себебі оның қыс және күзгі уақыттағы жиілігі 93 % пайызды құрайды. D дәруменімен қамтамасыз етілудің төмендегі сүйек тіннің жағдайына кері әсер ететін паратиреоидты гормонның жоғарылауына алып келеді. Алынған нәтижелердің клиникалық маңыздылығы кеңейтілген масштабта зерттеуді талап етеді.
Негізгі сөздер: D дәрумені, денситометрия, бала, остеопороз.
Тэги: ПЕДИАТРИЯ