УДК 616. 36-092.9
Э.А. МАКАРОВА
Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Ақтөбе қ.
КАЛИЙ БИХРОМАТЫ МЕН БОР ҚЫШҚЫЛЫН БІРІКТІРІП ЕНГІЗУ КЕЗІНДЕ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАР БАУЫРЫНЫҢ КЕЙБІР МИКРОЭЛЕМЕНТЕР (CU, ZN, CO) ҚҰРАМЫ
Ақтөбе облысында көп жылдық қызметтің нəтижесінде тұрақты антропо-техногенді хромбор биогеохимиялық аймағы қалыптасып, жергілікті халықтың өмір сүруіне, денсаулығына, тұрмыс тіршілігіне əсерін тигізуде.
Зерттеу мақсаты. Егеуқұйрық бауырында қалыпты жағдайдғы жəнекалий бихроматы мен бор қышқылын біріктіріп енгізген кездегі микроэлементтердің (Сu, Zn, Со) өзара қарым-қатынасын бағалау.
Материал жəне əдістері. Салмағы 150-200 г дені сау, жыныстық дамыған, тексіз 30 аналық егеуқұйрықтарға экспериментальды зерттеу жүргізілді. Барлық жануарлар 2 топқа бөлінді. Бірінші топ интактті немесе бақылау тобы. Екінші топтың жануарларының ішперде ішіне калий бихроматы мен бор қышқылының 1/10 ШК тең дозасы енгізілді. 1, 15, 30 тəуліктен кейін жануарларды декапитация жолы арқылы эксперименттен шығарылып отырды. МЭ талдау Новосибирск қаласында «ООО Лантан
Технологиялық орталықта» «Индуктивті плазмамен байланысқан Оптико-Эмиссионды Спектрометр» аппаратының көмегімен жасалды.
Нəтижелері жəне талқылауы. Cтатистикалық талдаудың нəтижесінде бор мен хромның біріккен əсерінен 1 тəулікте кобальт бақылау тобының көрсеткішіне қарағанда 3 есе жоғарлаған, мырыш төмендеген. 15 тəулікте мыс: мырыш: кобальт МЭ арақатынасы 7,7: 45: 94; яғни 15 тəулікте кобальт 2 есе төмендеді, мырыш өсті. Ал 30 тəулікте 7,6: 58: 41 құрады. Кобальт 30 тəулікте бақылау тобындағы деңгейіне дейн төмендеді. Анықталған өзгерістер қысқа мерзімде көрінеді жəне қайта
қалпына келу мүмкіншілігі жоғары. Жануарлардың ағзасы өздерінің микроэлементтік гомеостазын сақтап қалуға тырысты.
Қорытынды. Жүргізілген ғылыми зерттеу жұмысымыздың нəтижесінде хром мен бордың біріккен əсерінен жануарлардың бауырында микроэлементтердің дисбалансы туды. Мырыш-кобальт арасында антогонистік байланыс көрінді. Ал хром мен бордың бірріккен əсерінен кобальттың концентрациясы жоғарлады, яғни синергисттік байланысты байқадық.
Негізгі сөздер: егеуқұйрық, микроэлементтер, бор, хром, бауыр.
Тэги: ЭКСПЕРИМЕНТ