УДК 616-002.5-053.2-07
А.Г. Исаева1, Н.С. Сыздықова1, Х.М. Дәуітова1, Г.К. Құралбаева1, Б.Т. Туйебаева2
1С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы,
2ҚР Ұлттық туберкулез мәселелерінің орталығы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТПЕН ҚОСАРЛАНҒАН КЕЗІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРІ
Қазіргі таңда созылмалы гепатитке шалдыққан науқастар саны прогрессивті түрде жоғарылауда. Гепатит пен өкпе туберкулезі қосарланып жүруі гепатиттің созылмалы ағымына әкеледі.
Зерртеудің мақсаты болып гепатит пен өкпе туберкулезі қосарланып жүру ағымының ереше-ліктерін саралау.
Материал және әдістері. Туберкулезге шалдыққан 68 науқастардың сырқатнамасына сараптама жүргізілді. Қосымша науқастар вирусты гепатиттің (A, B, C, D, E, G) маркерлеріне зерттелді.
Нәтижелері және талқылауы. Вирусты гепатит алғаш туберкулезге шалдыққан науқастар арасында - 44,1%, химиотерапия жүргізілген науқастар арасында - 22,1% кездесті. Химиотерапия кезіндегі токсикалық гепатит - 33,8% құрайды. Туберкулезге шалдыққан науқастар арасында вирусты гепатиттің белсенді сатысы 31,1% байқалды.
Қорытынды. Туберкулездің ВГ-пен қосарланғандағы клиникалық көрінісі химиотерапияға дейін - 15,6%, химиотерапиядан кейін - 31,1% (2 есе жоғарылаған).
Негізгі сөздер: өкпе туберкулезі, вирусты гепатит, токсикалық гепатит, химиотерапия.
Тэги: ФТИЗИАТРИЯ