УДК 582.998.2:615.451.16:615.012/.014
Т.С. БЕКЕЖАНОВА1, Ғ.С. ИБАДУЛЛАЕВА1, З.Б. САКИПОВА1, Р.А. ОМАРОВА1, А.Б. ШУКИРБЕКОВА2
1С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы,
2Астана Медицина Университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы
ARTEMISIA CINA BERG ШӨБІНІҢ ФИТОСУБСТАНЦИЯСЫНЫҢ УЫТТЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
Бұл жұмыста тәжірибелік жануарларға жүргізілген Artemisia cina Berg. шөбінің фитосубстан-циясының уыттылығы анықталды.
Зерттеудің мақсаты. Дәрмене жусанының көмірқышқылды сығындысының уыттылығын анықтау.
Материал және әдістері. Зерттелетін субстанцияның уыттылық әсері дені сау, жасы жетілген, әртүрлі жынысты, 14 күндік карантиннен өткен, салмағы 18-25 г ақ тышқандарға жүргізілді. Тышқандар С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ вивариясында өсіріліп, ұсталуда. Тәжірибеде 5 топ: бақылау тобы және 4 тәжірибелік топ болды. Бақылау тобы тазартылған су ішті.
Нәтижелері және талқылауы. Сынақтың 1-тобының тышқандарына препарат 1:3 қатынасты (1 бөлік цитвар жусаны және 3 бөлік иіссіздендірілген өсімдік майы) энтеральді енгізілді. Препарат ашқарынға арнайы зонд арқылы шприцтің көмегімен енгізілді. Барлық топтың жануарлары препаратты енгізердің алдын да және кейін 2-3 сағат бойы тамақ қабылдамады.
Қорытынды. Осылайша, дәрмене жусаны көмірқышқылды сығындысының уыттылығын анықтауға арналған морфологиялық зерттеулер келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Тәжірибелік жануарлардың ішкі ағзаларының морфологиялық өзгерістері ағзаның зақымдалуынсыз тін ісінуімен сипатталды. Бірақ, тышқандарға енгізілетін препараттың мөлшерін арттырған кезде микроскопиялық зерттеулер қан тамырларының қанға толуы сияқты қанайналым бұзылыстарының белгілерін анықтады. Осыған орай препараттың 1:10 қатынасы пайдалануға ұсынылады.
Негізгі сөздер: Artemisia cina Berg., уыттылық, фитосубстанция.
Тэги: ЭКСПЕРИМЕНТ