DOI: 10.31082/1728-452X-2018-192-6-57-61
УДК 616.718.49-616-089.22-616-058
ТІЗЕ ҮСТІ СҮЙЕГІ СЫНЫҚТАРЫН ӘРТҮРЛІ ОСТЕОСИНТЕЗДЕУ КЕЗДЕРІНДЕГІ НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫ
Е.М. МАНА РБЕКОВ 1, А.З. ДЮСУПОВ 1, А.А. ДЮСУПОВ 1, С.А. ЖҰМАБЕКОВ 2, А.С. ӘБІШЕВА 1, Т.М. МАНА РБЕКОВА 1, М.К. ХАК ІМОВ 1
1Семей қалалық мемлекеттік медицина университеті, Семей қ., Қазақстан Республикасы,
2Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы, Бішкек қ., Қырғыз Республикасы
Тізе үсті сүйегі сынығы – жарақаттар ішіндегі аз зерттелгендердің бірі. Осы сынықтардың кейбір ем
түрлерін қолдану өмір сүру сапасын төмендететін әртүрлі асқынуларға алып келеді. Остеосинтездің түріне
қарай ем нәтижелерінің көрсеткіштері мүлде аз зерттелген.
Зерттеудің мақсаты. Тізе үсті сүйегінің көлденең сынығын әртүрлі жолдармен емдеген науқастардың
өмір сүру сапасын салыстыра талдау.
Мәліметтер мен әдістері. Зерттеуге тізе үсті сүйектері сынған 81 науқас қатысты және олардың 55
(67,9%) ер адамдар, 26 (32,1%) әйел адамдар, орташа жастары– 47,7±2,4 жас.Негізгі топта 39 науқас, 27
ер және 12 әйел адамдар, орташа жастары - 48,3±2,4 жас, ал салыстыру тобында 42 науқас, 28 ер және
14 әйел адамдар, орташа жастары – 47,2±2,6 жас болды. Негізгі топтағы науқастар жетілдірілген сүйек
арқылы отеосинтездеу жолымен емделді. Салыстыру тобындағы науқастарда ашық остеосинтездеу әдісі
жасалды.
Өмір сүру сапасын бағалау мақсатында орыс тіліне аударылып бейімделген SF-36 және KOOS
(Kneeinjury and Osteoarthritis Outcome Score) әдістер қолданылды.
Нәтижелері және талқылауы. Емнен кейінгі 3 айдасүйек арқылы остеосинтездеу жасалған науқастарға
SF-36 сауалнамасын жүргізгенде топтар арасында айтарлықтай өзгешеліктер ФБ (19,3%), РБ (23,9%),
АИ (19,5%) шкалалары бойынша болған, p<0,05, яғни сүйек арқылы остеосинтезбен емдеу кезінде
көрсеткіштер жақсырақ болған.
KOOS әдісін қолданғанда «ауырсыну» шкаласы бойынша топтар арасында айтарлықтай айырмашылық
1 аптадан кейін (52,3% негізгі топтың есебінен), 3 аптадан кейін (30,8%) және 1,5 айдан кейін (18,0%,
p<0,05) болған. «Симптомдар» шкаласы бойынша айтарлықтай айырмашылықтар 3 аптадан кейін және
6 айдан кейін анықталған. Сонымен қатар негізгі топта өмір сапасы «күнделікті өмірдегі белсенділік» пен
«спорт және демалыс» шкалалары бойынша да айтарлықтай жоғары екені анықталды.
Қорытынды. Тізе үсті сүйегі сынығын жетілдірілген сүйек арқылы остеосинтездеу жолымен емдеген
науқастарда өмір сүру сапасы айтарлықтай жоғары.
Негізгі сөздер: тізе үсті сүйегі сынығы, сүйек арқылы остеосинтез, өмір сүру сапасы.
Тэги: ТРАВМАТОЛОГИЯ