DOI: 10.31082/1728-452X-2018-6-62-67
УДК 617.587: 616.381-072
ТРАНСАРТИКУЛЯРЛЫ БЕКІТУГЕ АРНАЛҒАН БІЗДІ ТУРА ӨТКІЗУ ӘДІСІМЕН ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ТОБЫҚТЫҢ ЖАБЫҚ СЫНУЫ ЖӘНЕ ТАБАННЫҢ ТАЮЫ КЕЗІНДЕГІ НАУҚАСТАРДАҒЫ ӨМІР САПАСЫ
А.С. СЕ РІКБАЕВ 1, А.А. ДЮСУПОВ 1, А.А. ҚОЗЫКЕНОВ 1, А.А. СЕЙ ІТҚАБЫЛОВ 1, М.К. ХАК ІМОВ 2, Г.Б. БЕРСИМБЕКОВА 1, Г.Б. КАНАПИЯНОВА 1
1Семей қалалық мемлекеттік медицина университеті, Семей қ., Қазақстан Республикасы,
2Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Семей қ., Қазақстан Республикасы
Тобық сынықтары аяқтағы жарақаттардың ішіндегі ең көп таралған жарақаттардың бірі болып та-
былады. Табанның тұрақты бекітілуіне жету үшін, ондағы табанның тайқуы кезінде сүйек-буын-байлам
аппаратының қалпына келуіне және емдеу кезінде жақсы функционалдық нәтижелерге жетуге жағдай
жасау болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Тобықтардың сынуымен қатар жүретін табан таюы немесе тайқуы бар
науқастардағы құрылғыны қолдану арқылы трансартикулярлы фиксация тәсілімен емделген науқастардың
өмір сапасының анализі.
Материал және әдістері. Тобықтың жабық сынуымен қатар жүретін табан таюы немесе тайқуы бар
232 науқас зерттелді (орташа жас 45,6±2,4). Барлық зерттеулер 2 топқа бөлінді – негізгі (142 науқас) және
салыстырмалы (90). Негізгі топта трансартикулярлы фиксация үшін бізді нақты өткізуге арналған құрылғы
әдісі қолданылған. Салыстырмалы топта ашық операция түрі жүргізілді. Өмір сапасының анализі үшін
SF-36 сауалнамасы (9 айдан кейін) және FOAS (динамикада) қолданылды .
Нәтижелері және талқылауы. SF-36 әдістемесі бойынша негізгі топта салыстырмалы топқа қарағанда
«физикалық белсенділік» шкаласы бойынша 31,1% (p<0.05), «физикалық мәселе рөлінің өмір іс-әрекетінің
шектеуі ішінде» 47.3% (p=0.01), «денелік ауырсыну» 47.0% (p<0.01) көрсеткіштерінің артуы анықталды.
FOAS сауалнама қолданылуында 6 ай зерттеу ішінде «ауырсыну» шкаласынан мәнді айырмашылықтар
алынды – 46,7% арту негізгі топта (p<0.05) «спорт және демалыс» шкаласында 6 және 9 ай мерзімінде.
Қорытынды:
1. Трансартикулярлы фиксация әдісін бізді тура өткізу үшін арналған құрылғыны колдану арқылы
тобық сынығының табан таюымен немесе тайқуымен жүретін науқастардың өмір сапасын SF-36 және
FOAS тәсілімен анықтағанда негізгі топтікі салыстырмалы топтағы көрсеткіштерден басым.
2. Екі әдісті қолдана отырып, өмір сапасын бағалаудағы негізгі айырмашылықтар араласудан кейінгі ерте
мерзімде ауырсыну сезімінің төмендеуі, физикалық белсенділіктің жақсаруы көрсеткіштерімен анықталды.
Негізгі сөздер: тобық сынығы, табанның таюы, трансартикулярлы фиксация, өмір сапасы.
Тэги: ТРАВМАТОЛОГИЯ