DOI: 10.31082/1728-452-2018-196-10-29-32
УДК 616.155.194.8
АСҚАЗАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ ТЕМIР ТАПШЫЛЫҚ КҮЙЛЕР
К.Т. БАЙЖАНОВА1, Г.Ж. САДЫРХАНОВА2
1Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы,
2Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы
Асқазан-ішек жолдарының ағзалары темір алмасудың реттеуіне қатысуына байланысты темір тапшылығы көптеген гастроэнтерологиялық аурулардың салдарынан дамуы мүмкін. Темiр тапшылық күйлер (ТТК) бойынша қауіп тобына кіретін 2214 жасөспірімге (орташа жасы 18 жас) зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеу екі кезеңде өтті: І кезеңде (n=2214) – анемия мен асқазан-ішек жолдары аурулары белгілері бар сұрақнамаға жауап берілді, физикалық қарау жүргізілді және шеткі қанның талдауы жасалды, ІІ кезеңде (n=553) – темір алмасуы зерттелді. ТТК негізгі себебіне созылмалы қан жоғалтудың асқазан-ішек жолдары ауруларымен қосарланып келуі себеп болды.
Негізгі сөздер: анемия, темір тапшылығы, асқазан-ішек жолдары аурулары.