DOI: 10.31082/1728-452X-2019-200-2-51-55
УДК 618.3-008.6
ТУЫЛУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫ АУМАҚТА ПЕРИНАТАЛДЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ
А.К. Аязбеков1, https://orcid.org/0000-0003-1277-4292,
Е.С. Өтеулиев1, https://orcid.org/0000-0002-0377-8315,
Р.Г. Нұрхасымова2, https://orcid.org/0000-0003-1485-4572,
Д.Е. Ибраева3, https://orcid.org/0000-0002-9643-0966
1«ВШОЗ» Қазақстан Медициналық Университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы,
2Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, Түркстан қ., Қазақстан Республикасы,
3Қазақ Медициналық Үздіксіз Білім беру Университеті Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Мақалада өзекті тақырып ана мен бала денсаулығын қамтамасыз ететін перинаталдық көмектің III деңгейлі мекеме перинаталдық орталық қызметінің талдауы келтірілуде. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9-орында тұр, халық саны бойынша төменгі сатыларда, туылған әр баланың денсаулығы маңызды. Елдің демографиялық ахуалын жақсарту үшін ана мен бала денсаулығының жақсы болуы маңызды, қабылданып жатқан арнайы бағдарламалар өз нәтижесін бере бастады.
Негізгі сөздер: соматикалық денсаулық, перинатальды көмек, экстрагенитальды патология.
Тэги: ОБЗОРЫ