DOI: 10.31082/1728-452X-2019-204-6-35-39
УДК 615.322:582.97
БОЗСАРЫ ҚОТЫРОТ (SCABIOSA OCHROLEUCA L.) ШӨБІН СЫҒЫНДЫЛАУ ҮШІН МИКРОТОЛҚЫНДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Арайлым Б. Мұқанова, https://orcid.org/0000-0003-4221-5117
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Өсімдіктерден сығынды алудың негізгі кезеңі экстрагентке биологиялық белсенді заттардың сығындылануы болып табылады. Алынған өнімнің тазалық дәрежесі, оның сапасы мен өзіндік құны биологиялық белсенді заттардың сығындылану тиімділігіне байланысты болады. Сондықтан, оларды сығындылаудың заманауи және тиімді әдістерін іздестіру үлкен теориялық және тәжірибелік қызығушылық тудырады.
Зерттеудің мақсаты. Бозсары қотырот (Scabiosa ochroleuca L.) шөбінен микротолқынды әдіс арқылы сығынды алудың технологиялық параметрлері.
Материал және әдістері. 3-4 мм дейін ұсақталған бозсары қотырот шөбі, экстрагент ретінде тазартылған су, 70% этил спирті және күнбағыс майын қолдана отырып, микротолқынды экстрактордың көмегімен сұйық экстрактар алынды.
Нәтижелері және талқылауы. Микротолқынды өрістің көмегімен сұйық сығындылар алу жүргізілді. Шикізат алдын ала өңделмеген. Шикізат пен экстрагент 1:10 арақатынасында алынды. Қуаттылығы 360 W, сығындылау уақыты 25 мин аралығында барлығы үш цикл жүргізілді.
Қорытынды. Микротолқынды әдіс арқылы бозсары қотырот шөбінен үш түрлі экстрагентпен сұйық сығындылар алынды. Алынған сығындылармен әрі қарай компоненттік құрамын, биологиялық белсенділіктерін анықтау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Негізгі сөздер: бозсары қотырот, Scabiosa ochroleuca L., заманауи сығындылау әдістері, микротолқынды сығындылау әдісі.
Тэги: ФАРМПРОИЗВОДСТВО