DOI: 10.31082/1728-452X-2020-213-214-3-4-82-87
УДК 613.95-053.5:316.4.06
МРНТИ 76.29.47
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН САЛАУАТТЫЛЫҒЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ДЕТЕРМИНАНТТАР ӘСЕРІ
Дария Т. ДосҚабЫлова1, https://orcid.org/0000-0002-7386-2301,
Арстан А. Мамырбаев1, https://orcid.org/0000-0003-3018-4026,
Арташес Э. Тадевосян2, https://orcid.org/0000-0001-7737-2978,
Айман Т. Қалдыбаева1, htpp://orcid.org/0000-0002-0854-8703,
Ажар Н. Жексенова1, htpp://orcid.org/0000-0003-3697-2445,
Күлән Н. Шаяхметова1, https://orcid.org/0000-0003-1314-1067,
Лаура Д. Сакебаева1, https://orcid.org/0000-0002-1394-257X,
Гүлсім И. Қарашова1, https://orcid.org/0000-0002-4622-9543
1«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ, Ақтөбе қ. Қазақстан Республикасы,
2Мхитар Гераци атындағы Ереван мемлекеттік медицина университеті, Ереван қ., Армения Республикасы
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының қалыптасуына көптеген факторлар, соның ішінде медициналық емес детерминанттар: өмір сүру салты, тұрмыстық, экономикалық, әлеуметтік факторлар әсер етеді. Балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру салты мен өмір сапасының жетекші факторларын анықтау бойынша эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу қазіргі уақытта профилактикалық медицинаның басты бағыттарына сәйкес келеді.
Мақсаты. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен салауаттылығына әсер етуші әлеуметтік факторларды анықтау мақсатында әдеби шолу жүргізу.
Материал және әдістері. Әдеби шолу негізгі әдебиет көздері, PubMed, eLIBRARY электрондық-ізденіс базалары бойынша жүргізілді.
Нәтижелері және талқылауы. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық көрсеткіштері бойынша кілттік сөздер арқылы материалдар талданып әдеби шолу жүргізілді. Зерттелген балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына әлеуметтік детерминанттардың әсерін бағалау балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығаюға бағытталған кешенді шараларды дайындауға мүмкіндік берді.
Қорытынды. Балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру салты мен денсаулығы мен салауаттылығын қалыптастыруда әлеуметтік детерминанттар шешуші рөл атқарады.
Негізгі сөздер: балалар, жасөспірімдер, әлеуметтік детерминанттар.
Тэги: ОБЗОРЫ