УДК 616.127-007.17:616.441-085
Ж.Н. ҚыЖыров, А.А. АстАй, в.в. МутАгиров, З.Б. БейБитовА, Ж.е. утЖАНовА, А.Б. ЖүНісБековА, Д.Ж. ҚуАтБеков, А.Н. БиНАЗАров, Ж.Н. ҚАДырБек
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, №7 қалалық клиникалық аурухана, Алматы қ.
АУЫР ЖҮРЕК – ҚАНТАМЫРЫ АҚАУЛАРЫМЕНКЕЗДЕСКЕН ЖАЙЫЛМАЛЫ УЫТТЫ ЖЕМСАУ (тәжірибелік жағдай)
Ауыр жүрек – қан тамыры ақаулары бар жайылмалы уытты жемсаумен ауыратын науқастың тәжірибеде болған жағдайы келтірілген. Анестезиологтың ұстанатын негізгі қағидасы, ота кезінде жүрек-қан тамыр аурулары бар науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жән – ауторегуляциялық қан айналысты аз бұзу. Осындай науқаста ота жасау кезінде пайда болған кез келген қан айналысының өзгеруін басқару қиын, сондықтан да оның алдын алу, қан айналысын кейін қалпына келтіруге қарағанда, өте нәтижелі болады.
Негізгі сөздер:жайылмалы уытты жемсау, жүрек ақауы, қан тамыры, ота жасау, емдеу, жансыздандыру.