УДК 616.34-007.272-036.11-07-08
Ж.Н. ҚЫЖЫРОВ1,2, Д.Ж. ҚУАТБЕКОВ1, А.Б. ҚОНЫСБАЕВ1, Т.Т. БОЗШАҒҰЛ1, Н.Ж. МОМЫНОВ1, И.К. ҚҰРБАНОВ1, Ш.Ш. АВАЗОВ1, Б.М. ОСПАНОВ1
1С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қ.,
2№7 қалалық клиникалық аурухана, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
ЖІТІ ІШЕК ӨТІМСІЗДІГІ – АНЫҚТАУЫ МЕН ЕМІ
Тақырыптың өзектілігі. Жіті хирургиядағы жіті ішек өтімсіздігі (ЖІӨ) өзекті және шешімі қиын мәселелердің бірі болып қала береді.
Зерттеудің мақсаты. ЖІӨ бар науқастарды анықтау мен емінің хирургиялық және анестезиологиялық шараларына клиникалық талдау жүргізу. Материал және әдістері. Жұмыста 2011-2013 жж. аралығында Алматы қаласының №7 ҚКА ем алған ЖІӨ бар 217 науқастарға көрсетілген емнің талдауы ұсынылған. Солардың ішінде 98 (45,2%) науқасқа шұғыл түрде операция жасалынды. Сонымен қатар ауруханада жүргізілген анықтау шаралары мен хирургиялық емінің негізгі бағыттары, операция алды және операциядан кейінгі қарқынды емдеудің жаңаша әдістері – анестезиологиялық іс-шаралардың жетілдірілген нұсқалары атап көрсетілген. Емнің тиімділігі мен науқастардың сауығуына хирург-дәрігердің кәсіптік біліктілігі ғана емес, анестезиолог-дәрігерлермен бірлесе отырып жасаған қадамдары ықпалын тікелей тигізеді. Нәтижелері және талқылауы. Хирургиялық көмек көрсетілген 136 науқастың 28 (20,5%) науқасында энтероэнтероанастомоз салынумен, қалған 108 (79,5%) науқаста – жабысқақтарды тілумен шектелген. Сәйкесінше 36 (20,1%) науқастарда Шальков бойынша жіңішке ішектің интубациясы жүргізілді.
Қорытынды. Тоқ ішектік және жіңішке ішектік өтімсіздік кезіндегі өлім көрсеткіштері бірдей емес. Сәйкесінше, екі түрлі ішек өтімсіздігінде хирургиялық емнің нәтижелерін анықтайтын негізгі факторлар атап көрсетілді.
Негізгі сөздер: Тоқ ішектік және жіңішке ішектік өтімсіздік, операция, анестезия, ішекаралық анастомоз, ішек резекциясы.
Тэги: ХИРУРГИЯ