ӘОЖ 616.22-008.54
Д.Е. Тоғызбаева
Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Алматы қ.
ЕМШЕК ЕМЕТІН ЖӘНЕ БҮЛДІРШІН ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ДАУЫСТЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Балаларда дауыстың бұзылуының кездесу жиілігі туралы мәліметтердің аздығы ларингоскопиялық жағдайдың анатомия-физиологиялық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерттеу, дауыс пайда болудың бұзылуына ықпал ететін этиологиялық факторларды анықтау, емшек еметін және бүлдіршін жастағы балаларда көмейді зерттеу әдістерінің диагностикалық құндылықтарына салыстырмалы бағалау жүргізумен аурудың құрылымын зерттеу қажеттілігін көрсетеді.
Зерттеу мақсаты. Емшек еметін жастағы және бүлдіршін жастағы балаларда дауыстың бұзылуы кезінде оңтайлы емдік-диагностикалық алгоритмін анықтау.
Материал және әдістері. Дауысы бұзылған 4 күннен үш жасқа дейінгі 188 баланы зерттедік және емдедік.
Нәтижелері және талқылауы. Зерттеу барысында емшек еметін және бүлдіршін жастағы балалардың көмей құрылымының анатомия-физиологиялық күйіне және дауыстың акустикалық көрсеткіштеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізілді, осы жас тобындағы балаларда ларингоскопиялық жағдайдың негізгі ерекшеліктері анықталды. Зерттеу барысында 188 баланың 180-інде (95,7%) дисфония және 8-інде (4,3%) афония анықталды.
Қорытынды. Емшек еметін және бүлдіршін жаста дауыс пайда болудың бұзылуы көп жағдайда дауыс тембірінің бұзылуы (79,4%) айқын басым дисфониямен (95,7%) көрінеді. Көмейдің диагностикаланатын патологиясының негізгі саны бала өмірінің бірінші жылында орын алады (28,2%). Көмейді зерттеудің клиника-аспаптық әдісін пайдаланумен әзірленген диагностикалық алгоритм бейнесуретті жазу және өңдеудің заманауи компьютерлік технологияларымен үйлесімде жүргізілетін емдеу тиімділігін динамикалық бағалау үшін аурудың эндоскопиялық тарихын құру тәртібін едәуір жеңілдету кезінде көмейді баланың алғашқы күндерінен бастап-ақ байқау жүргізуге мүмкіндік береді. Емшек еметін және бүлдіршін жастағы балаларда дауыстың кез келген бұзылуы – жеңіл дәрежедегі дисфониядан афонияға дейін, сондай-ақ тыныс алудың мерзімдік немесе тұрақты бұзылуы мүмкіндігінше ең ерте кезеңде мұқият эндоскопиялық зерттеу жүргізуді қажет етеді. Көмей құрылымының анатомия-физиологиялық жағдайына жасалған егжей-тегжейлі талдау емшек еметін және бүлдіршін жастағы балаларда ларингоскопиялық жағдайдың негізгі ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді, бұны осы жас тобында көмей ауруларының түрлі нозологиялық түрлерін дифференциалды диагностикалау кезінде ескеру қажет.
Негізгі сөздер: дауыстың бұзылуы, балалардағы дисфония, көмейді зерттеу, фониатриялық зерттеу.
Тэги: ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯ