УДК 616.36-089.843:615.859
Б.Б. Баймаханов1,2, Ж.Н. Қыжыров1,2, А.Т. Шорманов2, М.М. Сахипов2, А.А. Астай2,
Е. Серікұлы2, Н.Н. Бiржанбеков2, Н.М. Желдiбаев2, Ж.Е. Бейсеева1, А.Б. Ерсейiт1,
М. Арихан1, Н.Ж. Ержігітов1, А.А. Сағымбаева1
1С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ.
2№7 Қалалық клиникалық аурухана, Алматы қ.
№7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДАҒЫ БАУЫР АУЫСТЫРУДЫҢ САРАПТАМАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ
Тақырып өзектілігі. Бауыр ауыстыру жалпы мемлекет медицинасының жоғарғы деңгейге жеткенін көрсетеді, бірақ оның дамуы үшін барлық елде басты кедергі – донорлық ағзалардың тапшылығы.
Зерттеудің мақсаты. №7 Қалалық клиникалық ауруханасының бауыр ауыстыру және бауырұйқыбезіөтжолдары орталығының хирургиясы мен жоспарлы хирургия бөлімшесіндегі бауыр ауыстырудың сараптамалық нәтижелерін талдау.
Зерттеу нысаны және әдістері. Бұл жұмыста №7 Қалалық клиникалық ауруханасының бауыр ауыстыру және бауырұйқыбезіөтжолдары орталығының хирургиясы мен жоспарлы хирургия бөлімшесінің 2013 жылдың желтоқсан айынан 2015 жылдың қазан айына дейінгі 14 науқасқа,соның ішінде 13 туыстық және 1 мәйіттікке жасалған бауыр ауыстырудың сараптамалық нәтижелері талданды.
Нәтижелері және талқылауы. Талдау нәтижелері бойынша отадан кейінгі асқынулар ішінде қан- тамырлы (21,4%) және өт жолы (14,3%) түрі жиі кездеседі. Осы көрсеткіштерге байланысты отадан кейінгі ерте кезенде күнделікті зертханалық және ультрадыбысты іріктеу жүргізу тиімді. Трансплантаттағы артериалдық қан жүруінің бұзылысы стенттеуге мүмкін болатын жедел артериографияға көрсеткіш болып табылады.
Қорытынды. Талдау нәтижелері бойынша тірі туыстық донордан бауыр ауыстыру реципиенттің күту парағында тұру уақытын бірталай қысқартады, операциядан кейінгі өміршеңдігі мен науқастардың өмір сүру сапасын жақсартады.
Негізгі сөздер: трансплантация, бауырдың диффуздық зақымдалуы, бауыр хирургиясы, донор, реципиент, MELD, PELD, сараптама.
Тэги: ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ