УДК 613.1:614.1 (574.13)
З.А. ИМАНҒАЗИНА
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина
университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
УРБАНДАЛҒАН ҚАЛАНЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ
ЕСЕБІНЕН ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАУІПТІЛІКТІ БАҒАЛАУ
Бұл мақала атмосфералық ауаның ластануы есебінен Ақтөбе қаласы тұрғындарының денсаулығына қауіптілікті бағалауға арналған. Қала тұрғындарыныңжас топтарына канцерогенді және канцерогенді емес қауіптілікті бағалау жүргізілді. Селитебті аймақтардың ауа бассейіндегі химиялық заттардың әсерінен болған максималды канцерогенді емес қауіптілік көрсеткіштері Ақтөбе қаласының балалары арасында анықталды. Тұрғындар денсаулығына жеке және популяциялық канцерогенді қауіптілікті бағалау нәтижелері бойынша барлық топтары арасында онкологиялық ауру дамуының жеке қатері ұйғарынды шекте деп бағалауға болады.
Негізгі сөздер: тұрғындар денсаулығы, қоршаған орта, канцерогенді қауіптілік, канцерогенді емес қауіптілік.
Тэги: ЭКОЛОГИЯ