ӘОЖ 618.36-055.26
М.Ж. ӘЛИЕВА
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды қ.
ДӘНЕКЕР ТІННІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ЕМЕС ДИСПЛАЗИЯСЫ БАР ЖҮКТІ
ӘЙЕЛДЕРДІҢ ПЛАЦЕНТАРЛЫ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ
Мақалада проспективті талдау негізінде жүктіліктің, туудың, туудан кейінгі кезеңнің өту ерекшеліктері айқындалды, сондай-ақ біріктіруші тіннің дифференциалды емес дисплазиясы (БТДД) бар жүкті әйелдердің плацентарлы жетіспеушілігін (ПЖ) бақылауларда плацента элементтеріндегі матриксті протеиназдар (ММП) экспрессиясының иммундыгистохимиялық ерекшеліктері зерттелді.
Зерттеудің мақсаты. Проспективті талдау негізінде жүктіліктің, туудың, туудан кейінгі кезеңнің барысы ерекшеліктерін айқындау, сондай-ақ, дәнекер тіннің дифференциалды емес дисплазиясы бар жүкті әйелдердің плацентарлы жетіспеушілігін бақылау барысында плацента элементтеріндегі матриксті металдық протеиназдар экспрессиясының гистохимиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Материал және әдістері. Зерттеу Қарағанды қаласының Департаментінің статистикалық мәліметтері негізінде жүргізілді. 15-49 жас аралығындағы 150 жүкті әйелдер арасында зерттеу жүргізілді. Барлық науқастар 2 топқа бөлінді: I (негізгі топ) – БТДД фенотиптік қасиеттері 6 балл және жоғары болған және ПЖ бар 75 науқас әйел, II (бақылау тобы) ДТДД және ПЖ белгілері жоқ 75 жүкті әйел. Жүктіліктің, туудың және туудан кейінгі кезеңнің ағымы ерекшеліктері, талдау мәліметтері талданды. Оның салдары морфологиялық, сонымен қатар иммуногистохимиялық (ММР-2 және ММР-9) зерттеуде айқындалды.
Нәтижелері және талқылау. БТДД-сы бар жүктілерде ПЖ дамуымен асқынды. ПЖ пен БТДД үйлесімділігі жоғарғы жиіліктегі соматикалық және гинекологиялық сырқаттанушылықпен ұласты. Иммуногистохимиялық зерттеуде плацентаның құрылымында ММР-2 және ММР-9 экспрессияның әртүрлі деңгейдегі жоғарылауы байқалды.
Қорытынды. БТДД-сы бар жүктілерде ПЖ дамуы бойынша қауіптілігі жоғары топқа енгізу қажет екенін көрсетті.
Негізгі сөздер: репродуктивті денсаулық, жүктілік, дәнекер тіннің дифференциалды емес дисплазиясы, плацентарлық жетіспеушілік, жүктіліктің асқынуы, плацента, матрикстік металлопротеиназа.
Тэги: АКУШЕРСТВО И ГИНЕКОЛОГИЯ