УДК 616.831.9-002.155
А.Қ. ҚАТАРБАЕВ, Ә.М. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, Г.Т. ВАКАСОВА, Л.А. АУЛИСЯНОВА,
Д.У. МҰСАЕВА, М.А. РАСУЛОВ, Ю.В. БУРДУКОВА
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ., Қазақстан
СЕРОЗДЫ МЕНИНГИТТЕРДІҢ БАЛАЛАРДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ
АҒЫМ ЕРЕКШЕЛІГІ
Серозды менингит – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын аурулардың жиі кездесетін түрі болып табылады. Нейроинфекциялардың құрамында жиілігі 25-30% – дейін байқалады.
Зерттеудің мақсаты. Біздің зерттеу жүргізгендегі мақсатымыз, сырқаттың клиникалық ағым ерекшілігін және маусымдық ерекшеліктерін анықтау болды.
Материал және әдістері. Алматы қаласының №1 БҚЖАА-да «вирустар қоздырған серозды менингиттер» деген диагнозбен емделген – 55 балаларға клиникалық және зертханалық зерттеулер жүргізілді.
Нәтижелері және талқылауы. Сырқат орташа ауыр және қатерсіз ағыммен өтті. Ликворограммада нейтрофилді цитоз 77% жағдайда байқалды, сосын 7-8 күнде лимфоцитарлы цитозға айналды.
Қорытынды. Сырқаттың маусымдық ағыны, көктемгі – жазғы мезгілдерінде көбейді. Сырқаттың шарықтау шегі тамыз айында (33,19%) байқалды.Серозды менингиттердің бағаналық клиникалық көрінісі дене қызуының 38,5-39°С-қа дейін (73%) көтерілуімен, айқын бас ауру сезімімен (76,8%), қайталап құсумен (84%) сипатталды; негізгі клиникалық көріністер орта есеппен 2-4 күн сақталды.
Негізгі сөздер: серозды менингит, вирусты инфекция, балалар.
Тэги: ИНФЕКЦИИ