УДК 614.7:616.24 – 002.153
Т.К. КӘРІМОВ, Н.К. ҮСЕНОВ
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті,
Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ
ҚОЛҚА-ӨКПЕ АУРУЛАРЫНА ШАЛДЫҒУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ГИГИЕНАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ
Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына теріс әсер ететін келеңсіз факторларының бірі болып қалуда. Ғылыми зерттеу нәтижелерінде кең таралған тыныс алу жолдарының аурулары қоршаған ортаның ластануының салдарынан болып табылады. Мақалада Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейі және халық арасында қолқа-өкпе аурушаңдығы көрсеткіштеріне гигиеналық талдау жасалған.
Зерттеу мақсаты. Тұрғындар денсаулығын нығайтуға, және өскелең ұрпақтың қалыпты өсіп – дамуына, сараптама жасау гигиена ғылымының өзекті мәселесі болып табылады. Осы мақсатта біз Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасының ластануы мен қолқа-өкпе аурушаңдағының көрсеткіштерін гигиеналық тұрғыдан бағалау.
Материал және әдістері. Алынған деректерді негізге ала отырып, Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейіне және қолқа-өкпе аурушаңдығы көрсеткіштеріне гигиеналық талдау жасадық.
Нәтижелері және талқылауы. Ақтөбе қаласының тұрақты және жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшері жыл сайын тұрақты көрсеткішті көрсетіп келеді. Қолқа-өкпе жүйелерінің сырқаттанушылығы көрсеткіштері зерттелген жылдарда әр түрлі деңгейде ауытқып отырғаны анықталды.
Қорытынды. Атмосфералық ауаның сапасының төмендеуі тұрғындар арасында қолқа-өкпе аурушаңдығының жиеленуі, жасаруына байланысты кешенді ғылыми зерттеулер мен санитарлық – гигиеналық тиімді ұсыныстарды іске асыруды қажет етеді.
Негізгі сөздер: атмосфералық ауаның сапасы, экологиялық жағдай, қолқа-өкпе жолдарының аурулары.
Тэги: ИНФЕКЦИИ