УДК 378.12:331.7:154.2.001.5
А.К. Ешманова1, А.Д. Соколов2, Б.А. Жүсіпбекова2, Ш.О. Рыспекова1,
А.И. Нуфтиева1, Д.Д. Жүністаев1, У.С. Артықбаева1, К.К. Алпысбаева1,
Д.А. Ильясова1, Г.Б. Үмітбаева1, К.Р. Саринова2, Б.А. Қызбаева2,
Б. Исаматов1, Н. Хисамутдинов1, Д.А. Хайрушева1, А.А. Сагимбаева1,
А.К. Әбіқұлова1, Г.К. Молдабек1, Г.Р. Әділжан1, Л.А. Әлмағамбетова1,
А.Т. Маншәріпова1, Д.Ж. Төлеуова1, А.Г. Белтенова1, З.И. Макеева3
1С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ.,
2Назарбаев интеллектуальды мектебі, Алматы қ.,
3Шаруашылық жүргізу құқығындағы «ҰОС емханасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны,
Алматы қ.
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ
ТҰРҒЫДАН КҮЙІНУІН ЗЕРТТЕУ
Кейбір кәсіптер, әсіресе білім беру мекемелері оқытушыларының қызметінде жеке тұлға ретінде жоғары кәсіби біліктілікпен қатар, эмоционалды қайтарымды да талап етеді. Бұл мамандық өкілдерінің жасы келген сайын кәсібилік күйіну (ПК) синдромы қалыптасатыны дәлелденген. Бұл өз кезегінде, осы маман иелерінің жұмысында стресогендердің көп орын алуына байланысты, әртүрлі жүйе қызметінің патологиялық өзгерістерімен байқалады.
Зерттеудің мақсаты. Алматы қаласы оқыту мекемелері ұстаздарының кәсіби (эмоционалды) күйіну дәрежесін анықтау.
Материал және әдістер. Зерттеуде К. Маслач әзірлеген және оқытушыларға бейімделген «Кәсіби (эмоционалды) күйіну» сауалнамасы қолданылды. Зерттеу объектісі ретінде интелектуалды еңбек қызметкерлері алынып, 3 топқа бөлінді: 1 – ғылыми қызметкерлер (бақылау тобы); 2 – ҚазҰМУ клиникалық емес кафедра оқытушылары; 3 – Алматы қаласы физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев Интеллектуалды мектебінің оқытушылары. Зерттеуге жалпы 242 адам қатысты.
Нәтижелері және талқылауы. Зерттеу нәтижелері зерттеуге қатысқандардың ішінде орташа, жоғары және өте жоғары дәрежелі ЭКС кездесетінін көрсетті. Ғылыми қызметкерлердің тобында оқытушылар тобымен салыстырғанда өте жоғары дәрежелі ЭКС көп мөлшерде анықталды. Кәсіби күйіну синдромына көбінше жас мамандар (жұмыс өтілі 3 жылға дейін, 24 жасқа дейін) шалдыққан, әсіресе ғылыми қызметкерлер арасында.
Қорытынды. Зерттеу нәтижелері қызмет түріне байланысты эмоционалды күйіну синдромының негізгі сыртқы факторларын іздеу және дәлелдеу мақсатында жаңа тиімді және максималды қауіпсіз профилактикалық әдістерін іздеу және осы синдром байқалатын функционалды жағдайдың бұзылыстарын коррекциялау мақсатында зерттеуді жалғастыру керектігін көрсетті.
Негізгі сөздер: кәсіби күйіну, эмоционалды жүдеу синдромы, эмоциональды жүдеу, оқытушылар.