УДК 613.314:572.773-089.25
Д.К. ИСАБАЕВ, Ж.К. САМЕНОВ, H.Ж. БӨКЕНБАЕВА
Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Алматы қ.
ЖАЛҒАН ПРОГЕНИЯНЫ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ЕМДЕУДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Стоматологиялық ортопедия клиникасында тістердің фронтальды тобының тіс қатары Кеннеди бойынша I-II класс шектелген ақауларымен біріккен прогениялық қатынасын емдеуде жалған прогенияны жасанды жолмен жасау оқиғалары жиі кездеседі. Мақала тіс қатарының мезиалды окклюзиясы кезінде прогенияның жалған формасы орын алған пациенттерді ортопедиялық емдеуге арналған.
Зерттеудің мақсаты. Емдеу-диагностикалық шаралардың нақты алгоритмін əзірлеу. Емдеу тиімділігін арттыру, жалған прогениясы бар (мəжбүрлі прогениялық тістем) науқастарды протезбен емдеуде жіберілген қателіктер салдарын морфофункционалды-эстетикалық емдеуін жою жəне жетілдіру.
Материал жəне əдістері. Протездеуде жіберілген қателіктің салдарынан асқынған жалған прогения жасаудың клиникалық мысалын келтіреміз. Науқас Х., 52 жас, ас қабылдағанда жəне тістері түйіскенде самай төменгі жақ бетінде ауру пайда болатынына, тіл ұшының күйіп ауыратынына, эстетикалық ақауына шағымданды.
Авторлардың өздері жүргізген емдеу нəтижелері көрсетілген, онда жалған прогенияның клиникалық мысалдары келтірілген, бұл форманы емдеу əдісінің екі кезеңі негізделген. Екі кезеңдегі емдеудің бірінші жəне негізгі кезеңі миостатикалық рефлексті алдын-ала ортопедиялық функционалды қайта құру жəне конструктивті тістемді дайындау, ол баспалдақтың тұрақты клиникалық симптомы пайда болғанға дейін сегіз апта бойына жоғарғы жаққа қызылиекүсті каппаның көмегімен жүзеге асырылады. Екінші кезең тиімді протездеу, онда емдеу шараларының нақты алгоритмі жасалған. Ондағы мақсат тіс қатарының окклюзионды қарым-қатынасын жəне төменгі жақтың жоғарғы жаққа қатысты алғанда кеңістіктегі орналасуын қалпына келтіру болып табылады.
Нəтижелері жəне талқылауы. Сауыттар мен көпірлі протезді жасағанда тістем биіктігі, тістердің орталық қатынасы белгілі тісқызылиек үсті каппаға жəне оның кеңістік жағдайына бағытталды. Кейінгі бақылап тексеру үш жыл бойы жүргізілді. Науқас шағымданған жоқ (сурет 3 а,б,в).
Қорытынды. Сондықтан, дəрігердің қателігі салдарынан жалған прогенияны емдеудің бірқатар тəжірибесі, екікезеңді емдеу жүргізуді ұсынуға негіз болады, бірінші кезеңде алдын ала функционалды миостатикалық рефлексті қайта құру көмегі жəне тістемнің құрылымын жасау қажет болса, екінші кезең ұтымды протездеумен аяқталады.
Негізгі сөздер: Жалған прогения, мəжбүрлі прогениялықтістем, миостатикалық рефлекс, конструктивті тістем, тіс қызылиекке салынатын каппа, төмендетілген тістем, «баспалдақ» симптомы.
Тэги: СТОМАТОЛОГИЯ