УДК 616.126.42-008.318
Г.К. НҰРГАЗИНА, Т.О. ТОЛЫБАЕВА
Қазақ үздіксіз білім беру Медицина Университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
МИТРАЛЬДЫ ҚАҚПАҚШАНЫҢ БІРІНШІЛІК ПРОЛАПСЫНДАҒЫ РИТМНІҢ БҰЗЫЛУЫ
Митральді қақпақшаның біріншілік пролапсындағы (МҚП) асқынулар дәрігер тәжірибесінде біз ойлағандай емес, жиірек кездеседі. Әдебиет деректері бойынша МҚП балалық немесе жас кезінде, кездейсоқ ЭХОКГ-да табылады. Болжамы салыстырмалы түрде жақсы. Бірақ уакыт өте кейбір науқастарда бұл патология үдей түседі- жүрек жеткіліксіздігіне әкелетін әр түрлі дәрежелі митральді регургитация (МР) дамиды, тромбоэмболиялық асқыныс қаупі бар митральді қақпақшасының миксоматозды дегенерациясы туындайды, жүрек ритмінің қауіпті бұзылыстары пайда болады. Ұсынылған клиникалық жағдай, 1 дәрежелі МР қосылған 1 дәрежелі МҚП бар жас адамда, физикалық жүктеме салдарынан 2 дарежелі Ав-блокадамен, пресинкопалды кұбылыстары бар Мобитц 11 мен асқынуы болғандықтан қызығушылық туғызып отыр.
Клиникалық жағдайлар митральді қақпақша сияқты туа біткен аурулардың өту әртүрлілігін көруге мүмкіндік береді. Практикалық дәрігерлер МҚП бар науқастарды қарағанда сақ болуы керек.
Негізгі сөздер: митральді қақпақшаның біріншілік пролапсы, ритм бұзылуы.
Тэги: КАРДИОЛОГИЯ