УДК 616-006.03-618.19-006-071-085
М.Т. НҰРҒАЗИН, М.Д. ТУКИНОВ, А.С. БАЙСАЛБАЕВА, О.Б. АНДРЕЕВА, Л.А. ПАК, М.А. МҰСЫЛМАНОВА
Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, Семей қ., Қазақстан Республикасы
ЭТОКСИСКЛЕРОЛ 3% ПРЕПАРАТЫН ҚОЛДАНЫП СҮТ БЕЗІ КИСТАСЫ СКЛЕРОТЕРАПИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ МЕН КЛИНИКАЛЫҚ АПРОБАЦИЯСЫ
Соңғы жылдары, 30 жасқа дейінгі әрбір 4-ші әйелге диагноз қойылған кезде қатерсіз сүт безі аурулардың арту үрдісі байқалады. 40-тан асқан жағдайда 60% науқастарда әртүрлі патологиялық жағдайлар анықталады. Сондықтан, осы ауруды емдеу онкологияның өзекті бағыты болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Сүт бездерінің кисталарының склеротерапиясын этоксисклеролдың 3% препаратын қолдана отырып жақсарту.
Материал және әдістері. Зерттеу 2015-2016 жж. аралығында Семей қаласында жүргізілген. Науқастар екі топқа бөлінді. Зерттеу тобына этоксисклерол 3% препаратымен емделген науқастар (57), бақылау тобына этанол 96% препаратымен емделген науқастар (63) енгізілді. Науқастардың барлығына зерттеулер жүргізілді.
Нәтижелері және талқылауы. Этоксисклерол 3% және этанол 96 % препаратын сүт безінің қатерсіз кисталарының ішіне енгізу арқылы емдеу нәтижелері бірдей тиімді болды. Этанол 96 % қолдану нәтижесіндегі склеротерапия науқастың субъективті жағымсыз әсерлерін тудырады (енгізгенде күйдіру сезімі, жалпы дене қызуының көтерілуі, бас айналу). Аталған жағымсыз әсерлер этоксисклерол 3% қолдануда көрініс тапқан жоқ.
Этанол 96 % қолданғанда 6 ай мерзімде 3 (4,7%) науқаста рецидив болса, этоксисклерол 3% қолданғанда рецидив саны 1(1,7%) құрады.
Қорытынды. Этоксисклерол 3% сүт безі кистасын емдеуде қаупсіз және тиімді емдеу әдісі болып табылады.
Негізгі сөздер: сүт безі кистасы, склеротерапия, Этоксисклерол.
Тэги: ОНКОЛОГИЯ