ӘОЖ 616.831
И.Ә. Қадырова1, Т.П. Бәшірова2, Н.В. Гитенис1, Г.К. Рыспаева1, Г.А. Лепесбаева1
1ШЖҚ РМК «Қарағанды мемлекеттің медицина университеті», Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы,
2ҚЦ «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек», Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
БАС МИ ИНСУЛЬТІН БОЛЖАУ ӘДІСТЕРІНЕ ЖҮЙЕЛІК ШОЛУ (әдеби шолу)
Қазіргі заманда өлім-жітілік пен мүгедектік себептерінің ішінде жетекші орынды инсульт алады. Инсульттен кейін алғашқы 30 күнде өлімге әкелудің орташа жиілігі 17%-дан 34%-ға дейін ауытқып тұрады. Бірінші жылда шамамен 50% науқас өледі. Инсультпен ауырған науқастардың тек 20% ғана барлық функциялары қалпына келеді, ал қалған 80% өмір бойы мүгедек болып қалады.
Инсульттің пайда болуының алдын алу, оны емдеу және оңалту сұрақтарымен қатар оны болжау өзекті аспект табылады. Бас ми инсультін мезгілінде болжау науқас үшін емді дұрыс қолдануға, өлімнен алып қалуға және мүгедектік дәрежесін азайтуға мүмкіндік беретіні белгілі. Бас ми қанайналымының жіті бұзылысын болжау үшін ең қарапайым және қолжетімді әдістер – болжамдық модельдер мен шкалалар болып табылады.
Бұл аймақта көптеген зерттеулер жүргізілуіне қарамастан инсультті болжау мәселесі өзекті болып қала береді. Соңғы 10 жылда кей шкалалардың болжамдық құндылықтары терең зерттелді, биомаркерлер туралы жаңа мәліметтер алынды, қанда олардың пайда болуы инсульттің пайда болу қаупін корреляциялайды және болашақта болжау үлгілері ретінде қолданылуы мүмкін. Ақпаратты алу шашыраңқылықтың және тілге байланысты кедергілердің болуына байланысты дәрігерлер мен зерттеушілер үшін қиындықтар тудырады, сондықтан бұл жүйелік шолу талдау және соңғы 10 жылда инсульттің нәтижесін болжау әдістері туралы бар мәліметтерді біріктіру мақсатында жүргізілді.
Мақалада науқастың инсульттен кейінгі жағдайды болжайтын шкалалар немесе үлгілерді сипаттайтын, соңғы 10 жылда ишемиялық типі бойынша науқастарда бас ми қанайналымының жіті бұзылысын әдістерін талдау ұсынылған. MEDLINE және SCOPUS мәліметтер базасында 665 дереккөз теңестірілді. Іріктеуден кейін оның ішінде 35 мақаласы таңдалып алынып зерттеуге қосылды.
Негізгі сөздер: бас ми инсульті, болжау, биомаркерлер, клиникалық шкалалар.
Тэги: НЕВРОЛОГИЯ