УДК 616-053.6
Р. Г. НҰРҚАСЫМОВ А, С.А. ҚҰРБАНИЯ ЗОВ А, А.А. КУШКАРОВ А, А.Ж. ЗУЛПУХАРОВ, А.Б. ҚҰЛМ АНБЕТОВ А, Г.Ш. ЫСҚАҚОВ А
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛАЙСЫЗ АЙМАҚТА ТҰРАТЫН ҚЫЗДАРДЫҢ ЖӘ НЕ ЖАСӨСПІ РІМ ҚЫЗДАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘ НЕ ЖЫНЫСТЫҚ ДАМУЫ
Қазіргі таңда ҚР-да стратегиялық даму бағдарламаларының басты бағыттарының бірі ана
мен бала денсаулығын қорғау. «Сау анадан сау бала туылады» дегендей болашақ ана, жасөспірім
қыздардың репродуктивтік денсаулығын қорғау өзекті мәселеге айналды.
Зерттеудің мақсаты. Экологиялық қолайсыз аймақта өмір сүретін қыз балалар мен жасөспірім
қыздардың физикалық және жыныстық дамуын анықтау.
Материал және әдістері. Зерттеу барысында Түркістан қаласының мектепте оқитын қыз бала-
лары мен жасөспірім қыздары, орта арнайы білім беру мекемесінде білім алатын қыздар және Қ.А.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде оқитын қыздар тексерілді. Жалпы қыздар саны
– 5721. Зерттеу дизайнында проспективті когортты популяциялық зерттеу әдісі қолданылды.
Нәтижелері және талқылауы. 7-8 жас аралығындағы қыздарда көбінесе дене салмағының
жеткіліксіздігі анықталды - 51,11%, 9-10 жас аралығында - 48,15%. Жасөспірім қыздарда дене
салмағының жеткіліксіздігі мен артық дене салмағы көрсеткіштері бірдей.
Қоршаған ортаның экологиялық факторы аймақтағы қыздардың физикалық даму қарқынына,
сондай-ақ екіншілік жыныстық белгілердің қалыптасу мерзімдеріне әсері байқалмаған. Зерттелген
аймақта сүт бездерінің өсуінің басталуы 10 жасқа сәйкес келеді (58,3%) бой - салмақ параметрлері
бойынша 132,4±1,9 см және 33,0±2,6 кг. Менархеның орта жас көрсеткіші 13,4±1,2 жасты құрайды,
орташа бой көрсеткіші 153,3±1,3 см және орташа салмақ көрсеткіш 46,5±2,5 кг болып табылады.
Қорытынды. Берілген мәліметтерге сүйенсек, қоршаған орта факторының аймақтағы
қыздардың екіншілік жыныстық белгілердің қалыптасу мерзімдеріне әсері байқалмаған. Менархеның
жас мөлшері нормативтік көрсеткіштерден ерекшеленбеді. Дене салмағының жеткіліксіздігі 7жа-
стан 10 жасқа дейінгі қыздар арасында әрбір дерлік екінші қызда кездесті. Жасөспірім қыздарда
дене салмағының жеткіліксіздігі мен артық дене салмағы көрсеткіштері бірдей.
Негізгі сөздер: қыздар мен жасөспірім қыздардың репродуктивті жүйесі, патология,
экологиялық факторлар, етеккір циклы.
Тэги: АКУШЕРСТВО И ГИНЕКОЛОГИЯ