ӘОЖ 614.2:616.831-005.1-0058
К.К. КОНЫСБАЕВА, Е.С. УТЕУЛИЕВ, Л.А. ТЕКЕБАЕВА, Г. АЛИБЕКОВА, Г.Ж. ТОКМУРЗИЕВА, Л.З. НАЗАРОВА, А.К. САКТАПОВ, Н.Н. ИСКАКОВА, А.Л. МЫРЗАГУЛОВА, Г.К. КАУСОВА
«ҚДСЖМ» Қазақстандық Медициналық Университеті, Қазақстан Республикасы
ҚОҒАМ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИШЕМИЯЛЫҚ ИНСУЛЬТ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ишемиялық инсульттің қоғамдық денсаулықты қалыптастыруға әсері бағаланды. Зерттеу аясында ишемиялық инсульттан өлімнің негізгі себептері және түрлі жыныстық топтарда ми қан айналымы бұзылыстарының дамуына бейім болатын ең осал жас топтары анықталды.
Зерттеудің мақсаты. Ишемиялық инсульт салдарынан болатын өлім-жітім себептерінің жетекші факторларын зерттеу және алдын-алудың басым шараларын анықтау.
Материал және әдістері. Алматы қаласы патоанатомиялық бюросының 2015, 2016 және 2017 жылдың тоғыз айлық мәліметтері негізінде, ишемиялық инсульт салдарынан науқастардың қайтыс болуына талдау жасалды.
Нәтижелері және талқылауы. Алматы қаласындағы ишемиялық инсультпен аурушаңдық пен өлім-жітімнің құрылымында геморрагиялық инсультпен салыстырғанда ишемиялық инсульттің басым екенін анықтадық. Инсульт ең жиі 51 жас және одан жоғары жастағы ерлер мен 61 және одан жоғары жастағы әйелдерде кездеседі.
Қорытынды. Медицина қызметкерлері мен науқастар тарапынан ортақ жауапкершілік шараларын құқықтық реттеудің жоқтығы анықталды.
Негізгі сөздер: инсульт, қоғамдық денсаулық, патология, атеротромбоз, өлім-жітім.