УДК 616.831-005.4
ИШЕМИЯЛЫҚ ИНСУЛЬТТІҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ (әдебиеттік шолу)
Т.К. ҚУАНДЫҚОВ, В.В. МҰТАҒЫРОВ, А.Ж. ДАНИЯРОВ, Н.М. МЕРЕЕВ, А.Н. ӨМІРБЕК
А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Цереброваскулярлы патология - өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі ретінде қазіргі кездегі неврологияның ең өзекті мәселесі болып табылады. Соңғы жылдардың көптеген эпидемиологиялық зерттеулеріне сүйенсек, миокард инфаркті және инсульттің салдарынан болатын өлім-жітім нәтижесі жоғары болып қалуда, ал Орталық және Шығыс Еуропада бұл өлім-жітім көрсеткіші нашарлауда. Өкінішке орай, келешекте де инсульттен болатын өлім-жітім көрсеткішінің жоғарылауы болжамдалуда.
Бүгінде қан тамырлары ауруларымен күресудің жалғыз ғана дәлелденген шарасы қауіп факторларын түзету болып табылады. MONICA зерттеулеріне сәйкес, еуропалық елдерде жүректің ишемиялық ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіштері төмендеуінің 2/3-сі жақсы танымал қауіп факторларын түзетумен,1/3-і терапевтік тәсілдерді жетілдірумен байланысты. Дәстүр бойынша, цереброваскулярлы патологияның қауіп-қатер факторларына артериялды гипертензияны, атеросклерозды, гиперхолестеринемияны, қант диабетін, темекі тарту және т.б. жатқызады. Бірнеше авторлардың пікірінше, осы негізгі факторлардың әсер етуінен ишемиялық инсульттің 60% жағдайын байланыстыруға болады.
Соңғы онжылдықта өткізілген көптеген эпидемиологиялық зерттеулер инсульттің диагностикасымен қатар оның себептері мен гетерогенділігін табысқа әкелді. Сонымен инсульттің пайда болуына әсер ететін басты факторларға артериялды гипертензияны, пре және интрацеребральды тамырлардың атеросклерозын, дислипидемияны жатқызады.
Негізгі сөздер: ишемиялық инсульт, қауіп факторлар.
Тэги: АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ИНТЕНСИВНОЙ ТЕРАПИИ И РЕАНИМАТОЛОГИИ