DOI: 10.31082/1728-452X-2018-197-11-21-27
УДК 616.5-002.525.2
ЖҮЙЕЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕГІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНІҢ АСҚЫНУЛАРЫН БАҒАЛАУ (ӘДЕБИ ШОЛУ)
Г.К. ДӘЛІБАЕВА1, Б.Г. ИСАЕВА2
1Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы,
2«Ұлттық медицина университеті» АҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Әдебиетті шолу жүйелі қызыл жегінің (ЖҚЖ) клиникалық көріністерінің ерекшеліктеріне арналған. Бұл әдебиеттер мен авторлардың өзіндік тәжірибесі нақты диагнозды верификациялау күрделілігін, әсіресе аурудың атиптік нұсқаларындағы күрделілігін көрсетеді. Әрбір науқаста ЖҚЖ клиникалық-зертханалық көріністерін дұрыс бағалау, негізгі аурудың асқынуын және қосымша патологияны анықтау, терапия әсерін бағалау, нәтиженің болжамдық маркерлерін іздеу маңызды.
Негізгі сөздер: жүйелі қызыл жегі, клиникалық көріністер, диагностика.
Тэги: РЕВМАТОЛОГИЯ