DOI: 10.31082/1728-452X-2018-198-12-8-12
УДК 618.19-006.6-07(574)
СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫМЕН АУРУШАҢДЫҚ ТРЕНДІН ЖӘНЕ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫН ӨЗГЕРТУ: КОМПОНЕНТТІК ТАЛДАУ ЖОЛЫМЕН СКРИНИНГІЛЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ
Н.С. ИГІСІНОВ1,2,3, А.Я. ТОҒЫЗБАЕВА4, З.А. БИЛЯЛОВА2, Г.С. ИГІСІНОВА4,2, С.К. ҚОЖАХМЕТОВ1,2, А.Б. ТАУТАЕВ1,2
1«Астана медицина университеті» АҚ, Астана қ., Қазақстан Республикасы,
2«Central Asian Cancer Institute» ҚҰ, Астана қ., Қазақстан Республикасы,
3Еуразиялық обырды зерттеу институты, Бішкек қ., Қырғызстан Республикасы,
4«Ұлттық медицина университеті» АҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Бұл зерттеуде онкологиялық көмекті жоспарлау және басқару үшін түрлі компонентті құрылымдарды талдау арқылы сүт безі обырымен (СБО) аурушаңдық трендінің өзгеруі зерттелді.
Зерттеудің мақсаты. Қазақстанда 2007 және 2016 ж. СБО аурушаңдық динамикасының өзгеруін компоненттік анализ арқылы бағалау.
Материал және әдістер. Зерттеу материалы ретінде бүкіл республика бойынша СБО шалдыққан, бірінші рет тіркелген науқастар туралы мәлімет алынды. Зерттеу кезеңі 2007-2016 ж. СБО аурушаңдық трендінің өзгерістеріне компоненттік талдаудың көмегімен бағалау жүргізілді.
Нәтижелері және талқылауы. СБО аурушаңдық динамикасында өсу тенденциясы байқалады, 2007 жылы 38,30/0000 көрсеткіштен 2016 жылы 51,00/0000, әйел тұрғындардың 100 000 шаққанда 12,7 жағдайға өскен, мұнда негізінен ауыру қаупімен байланысты өзгерістер есебінен (∑=ΔР=+10,9). Сонымен қатар, СБО аурушаңдықтың өсуі келесі факторларға да байланысты: әйелдердің санының артуына (ΔН=+27,5%), тұрғындардың жас құрылымының өзгеруіне (ΔВ=+4,7%) және ауыру қаупіне байланысты өзгерістерге (ΔР=+54,5%).
Қорытынды. Компоненттік анализ нәтижелері СБО қатысты республикада өткізіліп жатқан скринингілік шараларға байланысты аурушаңдықтың өсуіне ықпал ететін факторларды анықтады.
Негізгі сөздер: сүт безі обыры, аурушаңдық, қауіп факторлары, компоненттік анализ.