DOI: 10.31082/1728-452X-2019-210-12-49-57
УДК 616.127-002
МРНТИ 76.29.30
МИОКАРДТЫҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ЗАМАНАУИ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС (әдебиетке шолу)
Нұрқанат А. ЖҰМАБАЙ, https://orcid.org/0000-0002-4289-0043,
Сапарғали Б. РАХМАНОВ, http://orcid.org/0000-0002-0561-5931,
Айгүл Б. ЖАНАБАЕВА, http://orcid.org/0000-0003-2961-747X
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы
Мақалада миокард және оның қан тамырларын зерттеу жөніндегі әдеби мәліметтер талданған. Соңғы жылдары қан тамырларының эндотелиясын зерттеуге көп көңіл бөлінуде, оның ішінде миокардтың қан тамырлары бар. Бұл қан тамырларлары эндотелиясының көптеген функцияларының және оның жүрек қан тамырларының патологиясының дамуымен тығыз байланысты.
Зерттеу мақсаты. Жүрек қабырғасының қан тамырлар ерекшеліктеріне байланысты жүргізілген зерттеулер ангиогенез дәрежесін, микроциркуляторлық арнаның бұзылыстары туралы түсінікті толықтырып, қан тамырлар қабырғасын зақымдаушы факторлар туралы болжамды және олардың ремоделдену механизмдері туралы тұжырымдарды қалыптастырады.
Материал және әдістері. Pubmed, Web of science және Scopus сияқты мәліметтер базасы мен басқа да орыс және ағылшын тілдеріндегі on-line ресурстар арқылы қолданылған мәліметтерге әдеби шолу жасалынды. Әдебиеттің өзекті көздерін іздеу үшін: жүрек – қан тамырлар жүйесінің бұзылыстары, миокард, қан тамырлары эндотелийі, жасушалардың морфо-функциялық көрсеткіштері, микроциркуляторлық арна, микрогемодинамикалық бұзылыстар, эндотелиалды прогениторлы жасушалар терминдері қолданылды. Іздеудің негізгі өлшемі ретінде жүрек патологияларында миокард қан тамырларын, олардың қабырғасын, соның ішінде эндотелийдің морфо-функциялық қабілетін зерттеу болды.
Нәтижелері және талқылауы. Бұған дейінгі ғылыми әдеби зерттеулерде анықталған эндотелиалды тамырлық өсу факторының химиялық әсерлер кезінде белсенділігінің артуы, эндотелиалды жасушалардан біртекті экспрессияланбауы, эндотелий қабатында рецепторлардың көптүрлі болуынан, теріс әсер етуші заттарға реакция беретіндігінің көрінісі болып отыр. Бұл өз кезегінде ұзақ уақыт жүктеме болатын болса, эндотелийдің дисфункциясына әкелуі мүмкін. Сондықтан, миокардтың қан тамырлары эндотелийінің ерекшеліктерін сыртқы орта факторларының әсерлері кезінде зерттеу, миокардтағы ангигенез немесе .ремоделдену үдерістерінің түсінігін толықтырып, тамырлық генезді бұзылыстардың туындау және ақыры туралы түсінікті толықтырады.
Қорытынды. Заманауи ғылыми бағыттар ангиогенез механизмдерін және олардың әртүрлі сыртқы факторлардың әсерлері кезіндегі өзгерістерін жан - жақты зертеуінің нәтижесі, жүрек - қан тамырлар жүйесіндегі тамырлық бұзылыстар туралы мәліметтерді толықтырады.
Негізгі сөздер: миокард, ангиогенез, қан тамырлар эндотелиі, эндотелиялды жасуша, эндотелиалды жасушалардың ізашары.
Тэги: ОБЗОРЫ