DOI: 10.31082/1728-452X-2020-213-214-3-4-40-45
УДК 616.718.5/.6-71-001.5-089
СИРАҚ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫН ОШАҚТАН ТЫС, СҮЙЕК АРҚЫЛЫ БІР ЖАЗЫҚТЫҚ ОСТЕСИНТЕЗБЕН ЕМДЕУ ТӘСІЛІ
Асқар К. БУКАТОВ¹, https://orcid.org/0000-0003-0133-9404,
Ахметқали З. ДЮСУПОВ¹, https://orcid.org/0000-0002-2448-5327,
Сабырбек А. ЖҰМАБЕКОВ², https://orcid.org/0000-0001-6044-9721,
Ольга Т. ВАН¹, https://orcid.org/0000-0003-3065-2061,
Алдияр Е. МАСАЛОВ¹, https://orcid.org/0000-0002-2844-037X,
Мейрам Б. ЖАНДӘУЛЕТОВА¹, https://orcid.org/0000-0002-7675-6926
¹«Семей медицина университеті» КеАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы,
²Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы, Бішкек қ., Қырғызстан Республикасы
Аяқ сүйектерінің сынықтары науқастардың уақытша жұмысқа қабілеттелігін төмендетіп ғана қоймай, мүгедектікке де әкеліп соқтыру мүмкін. Қазіргі таңда сирақ сүйектерінің сынықтарын емдейтін сан алуан түрлеріне қарамастан нақты бір емдеу тәсілі белгіленбеген. Барлық емдеу тәсілдерінің негізгі талабы ретінде науқасқа аз зақым келтіретін, аз инвазивті және де асқыну тудырмайтын шарттар ескеріледі. Осындай емнің бірі ретінде ошақтан тыс сүйек арқылы бір жазықтық остесинтездеуді ұсынамыз.
Зерттеудің мақсаты. Сирақ сүйектерінің сынықтарын ошақтан тыс, сүйек арқылы бір жазықтық остесинтезбен емдеу тәсілінің тиімділігін анықтау.
Материал және әдістері. Клиникалық зерттеу материалдары Семей қаласының Жедел жәрдем ауруханасының (ЖЖМА) Политравма және ортохирургия бөлімшесінде апробациядан өткен, алғашқы рет сирақ сүйектерінің сынықтарын ошақтан тыс сүйек арқылы бір жазықтықты остесинтездеу тәсілімен емделген 98 науқастың ем нәтижелері келтірілген. Науқастар екі топқа бөлінді, 1-ші зерттеу тобына (ЗТ) ұсынылған тәсілдермен емделген науқастар, 2-ші салыстыру тобына (СТ) Г.А. Илизаров тәсілімен емделген науқастар болды.
Нәтижелері және талқылауы. Зерттеу барысында ЗТ - дағы науқастарда стационарлық емінің узақтығы екі есеге дейін қысқарған, емнің қанағаттанарлық нәтижесі 1,4 есеге артқан, амбулаторлы ем ұзақтығы да біршама қысқарған. Ал емнің теріс нәтижесі 2,6 есеге азайған, сымтемір айналасындағы қабыну үрдістері 4,2 % төмендеген.
Қорытынды. Ұсынылған емдеу тәсілі дәстүрлі емдеу тәсіліне қарағанда біршама тиімділігін көрсетті. Құрамдық бөліктерінің қарапайымдылығы және аздығына орай асқынулар дәрежесінің төмендеуіне әкелетіндігін байқатты.
Негізгі сөздер: сынықтар, ошақтан тыс остеосинтез, аз инвазивті, тіреу алаңы бар сымтемірлер.
Тэги: ТРАВМАТОЛОГИЯ