DOI: 10.31082/1728-452X-2020-215-216-5-6-2-6
УДК 613.955
АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Ләззат Ж. ОРАҚБАЙ, https://orcid.org/0000-0002-0365-0979,
Нұрлан Т. ЖАЙНАҚБАЕВ, https://orcid.org/0000-0002-0579-8109,
Тоғжан Б. СӘЛМЕНОВА, https://orcid.org/0000-0003-1140-1064,
Александр В. ВДОВЦЕВ, https://orcid.org/0000-0001-9614-0902,
Ажар Н. ӘДІЛХАНОВА, https://orcid.org/0000-0001-8152-9288,
Жансая М. МЕЙІРМАНОВА, https://orcid.org/0000-0003-3993-2334
"Қазақстан-Ресей медициналық университеті», МеББМ ", Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтудың медициналық-әлеуметтік және қоғамдық маңызы зор.
Зерттеу мақсаты. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдердің денсаулық жағдайын бағалау.
Материал және әдістері. Мақалада Қазақстан Республикасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 10-18 жастағы жасөспірімдердің антропометриялық зерттеуі мен олардың физикалық дамуының үйлесімділігіне баға берілді.
Физикалық дамуды бағалау «Здоровье-Экспресс» аппараттық-бағдарламалық кешенінде («Здоровье-Экспресс» АБК) жүргізілді.
Нәтижелері және талқылауы. Авторлар қазіргі кезеңде дене ұзындығының жетіспеушілігінен туындаған үйлесімсіз физикалық дамуы бар балалар санының өсуінің теріс тенденцияларын атап өтетінін көрсетті. Осылайша, 10-14 жас аралығындағы дисгармониялық физикалық дамуы анықталған жасөспірімдердің жиілігі 71,8% және бірінші балалық топта - 28,2% құрады. Дисгармониялық физикалық дамудың басты себебі дене ұзындығының және дене салмағының қалыпты жетіспеушілігі болды.
Қорытынды. Дененің өсуі мен қалыптасу процестері көрсеткендей, ол денсаулық жағдайына тікелей байланысты, өйткені ауыр дертті ауру физикалық даму процесін кешіктіреді, әсіресе балалар мен жасөспірімдерде, екінші жағынан, аурудың ағымы мен нәтижесі көбіне науқастың физикалық дамуына байланысты.
Негізгі сөздер: физикалық даму, жасөспірімдер, жетімдер, «Здоровье-Экспресс» АБК, дене салмағы индексі, дене ұзындығы.