DOI: 10.31082/1728-452X-2020-215-216-5-6-71-77
УДК 618.14-006.5:615.37:616-097.3-08
ИММУНДЫ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ЭНДОМЕТРИОЗ
Лейла С. АППАЗОВА, https://orcid.org/0000-0003-0211-643X ,
Людмила Л. АХМАЛТДИНОВА, https://orcid.org/0000-0001-5602-6136
1«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
Мақала иммундық жүйе мен эндометриоз мәселелері бойынша әдеби деректерді талдауға арналған. Иммундық жүйенің ерекшеліктері, сондай-ақ иммундық жүйенің дисфункциясы кезіндегі эндометриоздың даму механизмдері қарастырылған.
Мақсаты. Эндометриоз патогенезіндегі иммундық жүйенің рөлін зерттеу.
Материал және әдістері. Әдебиеттерді талдау үшін PubMed/ MEDLINE, PMC, Web of Sсiеnce-де 10 жылға дейінгі тереңдікте осы мәселеге қатысты ақпаратты іздеу жүргізілді. Іздеу үшін келесі терминдер жеке немесе комбинацияда қолданылды: "генитальды эндометриоз", "иммундық жүйе", "цитокиндер", "аутоантиденелер". Іздеу критерийі генитальды эндометриозымен және иммундық жүйемен байланысты негізгі зерттеулер болды: метаанализдер, бірегей зерттеулер, ретроспективті және когортты зерттеулер.
Нәтижелері және талқылауы. Эндометриоздың жалпы иммуно-патофизиологиясының дамуы туралы түсінікті жақсарту қажет, бұл ауруды толыққанды емдеуге немесе сайып келгенде алдын алуға мүмкіндік беретін терапевтік мақсатты аймақтарды анықтауды қажет етеді. Бұл аспект бойынша иммунологиялық маркерлердің өзіндік орны бар.
Қорытынды. Эндометриоздың дамуындағы цитокиндердің рөлі анықталғанымен, ол жақсы түсінілмеген. Осыған байланысты олардың эндометриоздың патогенезіне қалай әсер ететінін нақты анықтау қиын. Жақсы түсіну үшін диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдерін жақсарту мақсатында қосымша зерттеулер қажет.
Негізгі сөздер: эндометриоз, иммундық жүйе, цитокиндер, аутоантидене.
Тэги: ОБЗОРЫ