DOI: 10.31082/1728-452X-2020-217-218-7-8-44-52
УДК
СТАЦИОНАРЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТРИАЖ ШКАЛАЛАРЫ (әдебиетке шолу)
Нұргүл Е. ҚҰЛМАНОВА, https://orcid.org/0000-0002-3015-2027,
Мұхтар А. САДУОВ, https://orcid.org/0000-0002-4501-8066
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы
Мақалада әртүрлі елдердегі стационарлық жедел жәрдем бөлімшелерінде қолданылатын саралау шкалаларының түрлері сипатталған. Саралау шкаласы науқастардың медициналық жағдайының ауырлығына сәйкес күту уақытын оңтайландыруға, ең қарқынды симптомды мүмкіндігінше тез емдеуге және емдеу басталғанға дейін ұзақ кідірістің болжамына теріс әсерін азайтуға арналған.
Зерттеу мақсаты. Жедел жәрдем бөлімінде триаж жасау үшін қолданылатын шкалаларды сипаттауға арналған әдеби деректерді зерттеу, олардың салыстырмалы сипаттамасы, сенімділігі мен анықтығын бағалау.
Материал және әдістері. Pubmed, Web of Science және Scopus сияқты мәліметтер базасы мен басқа да орыс және ағылшын тілдеріндегі on-line ресурстар арқылы қолданылған мәліметтерге әдеби шолу жасалынды. Әдебиеттің өзекті көздерін іздеу үшін: стационарлық жедел жәрдем бөлімшесі, саралау, шұғыл жағдайлардағы ауырлық индексі терминдері қолданылды. Барлығы 813 мақалалар табылды, олардың 37-і қосымша талдау үшін іріктелді. Іріктеу критерийлері: адамдар жүргізген, ағылшын, орыс тілдерінде жарияланған зерттеулер, сондай-ақ мақалалардың толық нұсқалары. Алып тастау критерийлері: есептер жиынтығы, газет жарияланымдары, жеке хабарламалар.
Нәтижелері және талқылауы. Әдеби деректерді қолдана отырып талдау жүргізу, көптеген апаттық зақымдану кезінде қолданылатын жедел медициналық көмек көрсету әдістері мен науқастарды саралау жүйелері туралы жан жақты мәліметтер береді. Қолданыстағы саралау шкалаларын талдау нәтижесінде шкалалар көбінесе бес деңгейлі және өңірге, денсаулық сақтау жүйесіне бейімделген, бірақ бірыңғай әмбебап шкала жоқ.
Қорытынды. Жедел жәрдем бөлімшесінде арнайы дайындықтан өткен медицина қызметкерлері жүргізетін құрылымдық бес деңгейлі саралау жүйесін енгізу өміріне қауіп төнген пациенттерді, әсіресе емдеу тиімділігі жеткіліксіз болған кезде дәл анықтауға көмектеседі. Сондықтан бес деңгейлі сұрыптау жүйелерін ұлттық және халықаралық жедел медицина қоғамдары ұсынады.
Негізгі сөздер: триаж, триаж жүйесі, шұғыл жағдайлардағы ауырлық индексі, стационарлық жедел жәрдем бөлімшесі.
Тэги: ОБЗОРЫ