УДК 616.24-002.51-085:614.215
М.Ш. ЕРЕЖЕПОВ
«Талдықорған Күншуақ» балалар туберкулезіне қарсы санаториясы
ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ АШЫҚ ТҮРІМЕН ТЫҒЫЗ ҚАРЫМҚАТЫНАСТА БОЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ САНАТОРИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН САУЫҚТЫРЫЛУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЕМДЕУ МЕРЗІМІ ЖАЙЛЫ
Туберкулез құртымен тікелей қарым қатынаста болған(контакт) балалардың күмәнді топтағы басқа балалар арасында түберкулез ауруына ұшырау бейімдігі аса жоғары екені белгілі.Оның себебі,ауру ошағында өмір сүруі ғана емес,көбінесе, отбасы тұрмыс жағдайы төмендігі бала иммунитетін ерте әлсіретеді,дұрыс тамақтанбай, киінбей, аурушаң болып өседі. Түберкулез ауруына қарсы күрес қабілеті аз болғандықтан ауыруға анағұрлым бейім келеді. Сондықтан мұндай балаларды санатория жағдайында сауықтырудың маңызы аса зор, себебі, мұнда тек дәрілік ем ғана емес,дұрыс тамақтанады, диагностика мен сауықтыру жоғары деңгейде жүргізіледі. Тағы бір айтары, сауықтырылу шаралары (2005 жылы 25 қарашада шыққан «Туберкулезге қарсы санаторияларда санаторлық емді жетілдіру туралы» ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығы) белгіленген үш ай мерзімімен шектелмей, кей жағдайда жергілікті Орталық дәрігерлік комиссиясының шешіміне байланысты болғаны дұрыс болар еді, себебі, қазіргі кезде ата-аналардың арасында туберкулездің мультирезистентік түрлері өсуіне байланысты олар ұзақ емделеді, ал баланы әлі жазылмаған ата-анасынан бұрын санаториядан шығару қиындық туғызары сөзсіз.
Негізгі сөздер: туберкулез, жұққан балалар, емделу, санаториялық мекемелер.
Тэги: ФТИЗИАТРИЯ