УДК 616.724-009.62-08
Р.С. ИБРАГИМОВА, Ж.Ж. АЙТБАЕВ, Ұ.Р. МЫРЗАҚҰЛОВА, Ю.С. ЛОБАНОВ, А.К. КОЖАХАНОВ
С.Ж. Асфендияров атындағы Казақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ., Казақстан Республикасы
ШЫҚШЫТ БУЫНЫНЫҢ АУЫРМАЛЫ ДИСФУНКЦИЯ СИНДРОМЫНЫҢ КЕШЕНДІ ЕМІНДЕ РЕФЛЕКСОТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Шықшыт буынының (ШБ) ауырмалы дисфункция синдромымен ауыратын 20 науқастың кешенді емінде рефлексотерапияны қалдану, осы патологиямен ауыратын басқа 20 науқасқа жүргізілген фармако және физиоемдерге қарағандағы шипалы әсері зерттелді. Аурудың клиникасын математикалық есептелулер мен графикалық кескіндеулердің нәтижелері рефйлексотерапияны қолданудың шипалы әсер беретінін дәлелдеді. Оған «аурудың ағымын» кескіндейтін көпбұрыштың көлемінің негізгі топта 9, 23 есе кішірейсе, ал салыстырмалы топта оның көлемі 5,84 есеге қана азайғаны дәлел болады. Екі топтағы науқастардың да психологиялық тестілеу нәтижелері үрейленудің көрсеткіштерінің төмендегені (Тейлор бойынша ЖҮ, РҮ) және САН ның негізгі топтағы науқастар арасында жоғарылағаны анықталса ал салыстырмалы топтағы науқастарды оның тек төмендегені байқалды. Қанның биохимиялық зерттеуінің салыстырмалы сараптамасы рефлексотерапияны пайдалану фармако және физиоемді қолданып емдеуден шипалы екенін дәлелдеді: – шайнау еттерінің тонусы қалыпқа келеді, оған қанның сары суындағы АТФ тың 20% дан астам төмендегені дәлел болады; – ауыру сезім тез басылады, оған қанның құрамындағы гистаминнің төмендеуі растайды 48,15% (Р>0,001), ал салыстырмалы топта ол 23,68% (Р<0,05) тең; – психоэмоциялық кернеуді тез басады, оған рефлексотерапияны қолданғаннан кейін қанның құрамындағы адреналиннің 39,17%-ға (Р>0,001) және кортизолдың 42,5%-ға (Р>0,001) төмендегені дәлел болады. Ал медикаметтік емдеу нәтижесінде осы көрсеткіштер 18,6%-ға (Р>0,01) және 6,86%-ға (Р<0,5) тең. Жоғарыда баяндалған мәліметтерден ШБ АДС рефлексотерапияны қолдану үйреншікті
фармакотерапияны қолдануға қарағанда аса шипалы тәсіл екені дәлелденді.
Негiзгi сөздер: шықшыт буының ауырмалы дисфункция синдромы, рефлексотерапия.
Тэги: СТОМАТОЛОГИЯ