УДК 616.34-002
Х.С. ОМАРОВА, Д.К. САЙЛАНОВА, Н.Б. БАЙЖИГИТОВА, М.С. ОРДАХАНОВА
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық МедицинаУниверсистеті,
№1 Қалалық клиникалық аурухана, Алматы қ.
УИППЛ АУРУЫ БОЙЫНША КЛИНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Көрсетілген клиникалық бақылаудың мақсаты. Уиппл ауруының клиникалық ағымының және емінің ерекшеліктерін көрсету. Науқасты бақылауда екі жылдық жеке тәжірибені ғылыми мағлұматтармен салыстыру. Клиникалық бақылаудың ерекшеліктері. 15 жасар науқаста диарея, дене салмағының төмендеуі, мальабсорбция мен ОЖЖ зақымдануының басқа да белгілерімен көрінген Уиппл ауруының типтік түрі диагностикаланған. Уиппл ауруы диагнозының қиындығы: айқындалу сатысында клиникалық симптомдарына қарағанда ішектен тыс симптомдары басым болуы. Пациентте гистологиялық зерттеуінде жіңішке ішектің шырышты қабығынан PAS-оң гранулалы макрофагтардың табылуы диагнозды қоюға мүмкіндік берді. Көрсетілген жағдайда емнің қиындығы: 4 айлық бисептол 960 мг/тәу, содан кейінгі эритромицин мен цефтриаксонның кезектестіріп (әр препарат 2 аптадан) ем жүргізілгенде де, ОЖЖ анық емес симптомдардың сақталуы антибактериялды терапияны жалғастыруға негіз болды. Мальабсорбция белгілерімен бірге буындық, жүрек-қантамырлық, бронхоөкпелік, жүйке жүйесінің зақымдануларында Уиппл ауруына күдікткену керек. Диагноз лимфа түйіндерінен және ішектің шырышты қабатынан алынған материалдарда PAS-оң болып табылғанда дәлелденеді.
Негізгі сөздер: Уиппл ауруы, мальабсорбция синдромы, іштің лимфа түйіндерінің лимфаденопатиясы.
Тэги: ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ