УДК 616.5-085:615.262
С.М. НУРУШЕВА, Л.К. САГИДОЛДИНА, Ж.Н. ДАУТАЛИЕВА
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ.
ТЕРІ ҚАБЫНУЫНЫҢ СОЗЫЛМАЛЫ ТҮРЛЕРІН ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ҰСТАНЫМДАРЫ
Зерттеу мақсаты: Басқа ГКС терапияға торпидті, псориазды емдеу кезіндегі Белосалик препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігін практикалық растау. Материал және әдістері: Клиникалық сынаққа басқа ГКС терапиясына төзімді шектелген және таралған вульгарды псариазы бар, 12 жастан бастап 65 жасқа дейінгі, ауру ұзақтығы бір жылдам кем емес, PASI индексі 12 баллдан кем емес (зақымдану ауданын бағалай отырып, шкаласы бойынша 0-ден бастап 4 баллға дейін эритеманы, инфильтрацияны, түлеуді анықтау) 62 емделушілер қосылған болатын. Нәтижелері және талқылау: Белосалик майы күніне 2 рет, таңертен және кешке, терінің зақымданған учаскелеріне жұқа қабатпен жағылған, емдеу курсы 21 күнге созылды. Сыртқы терапияны белсенді дәстүрлі дезинтоксикационды-қабынуға қарсы терапия толықтырды. Клиникалық-зертханалық мониторинг өткізілді: терапия динамикасындағы зақымдану ауданымен (PASI) сәйкес псориатикалық үдеріс ауырлығының индексі, иммунограмма, биохимиялық гепатограмма және т.б. Белосаликтің псориазбен ауыратындардың кешенді терапиясындағы терапевтикалық тиімділігі қышудың, эритеманың, түлеулің, инфильтрацияның азаюынан байқалған. Аталмыш препараттың клиникалық тиімділігі PASI динамикасы индексімен расталған. Кешенді терапия нәтижесінде клиникалық сауығып кетуіне жағдайлардың 8,4%-да, едәуір жақсаруға – 39,3%-да, жақсаруға 28,6%-да, аздаған жақсаруға – 31,5%-да қол жеткізілген, жағдайлардың 6,8%-да әсері байқалмаған. Қорытындылар: Псориазбен ауыратындардың кешенді терапиясында Белосалик лосьон және май әртүрлі препараттық формаларын қолданудың біздің практикалық тәжірибеміз олардың терапевтикалық әсерін және созылмалы дерматоздар терапиясында олардың тағайындалуының нұсқаларын ары қарай әзірлеудің болашағын оң бағалауға мүмкіндік берді.
Негізгі сөздер: дерматоз, терапия, тиімділік, Белосалик.
Тэги: ДЕРМАТОЛОГИЯ