УДК 615.1:54.322
С.Е. КЕЛИМХАНОВА, Л.Г. САТАЕВА, Г.Г. СМЕТОВА, К.К. АБДУЛЛАЕВА, А.Б. МУКАНОВА, М.Н. ДАРИБАЕВА, Ш.М. АБДИЛОВА, С.А. ШИЛМАНБЕТОВ
C.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ.
ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРҒА АТАУЛАР ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ?
Бұл мақалада дәрілік препарат атауының астарында не жатыр, атауды шифрдан қалай шығаруға болатындығы жайлы сұрақтарға әдеби шолу жасалынды. Атау «Адам – ақпаратдәрілік зат» жүйесінің бір бөлігі. Адам мен дәрілік зат арасында ақпарат тұрады. ДЗ туралы ақпарат – оның атауы. Атаулар не мағына беретінін түсінбестен бұрын, негізгі терминдер мен анықтамаларды білу қажет. Әдеби шолу барысында, барлық дәрілік препараттар профессионалды ортаға мәлім, белгілі бір сөзқұраушы элементтермен жасырылатындығы, дәрілік препарат атауларының түрлері жайлы мәліметтер қарастырылды. Дәрілік препарат атауының астарында оның қасиеті, мөлшері, тағайындалуы, тиімділігі, қауіпсіздігі және сапасы сияқты өте маңызды ақпараттар жатыр.
Негізгі сөздер: дәрілік заттар, патенттелген дәрілік препараттар, халықаралық патенттелмеген атау, дәрілік препарат жайлы ақпараттар.
Тэги: ФАРМАЦЕВТИКА