ӘӨЖ: 61:618.976
А. ЖУМАДИЛОВА, Г.Б. БАПАЕВА
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Шымкент қ.,
Aна мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Астана қ., Казахстан
ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ӘСЕРІНЕН МАҚТА ӨСІРЕТІН АЙМАҚТА ТҰРАТЫН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАРДЫҢ ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ МЕН СОМАТИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Тақырыптың өзектілігі. Жасөспірім қыздардың гинекологиялық аурулары болашақ аналардың қауіпсіздігінің маңызды жағдайларының бірі болып табылады. Жасөспірім кезеңде сыртқы факторлардың адам ағзасына әсер етуі жоғары және өте сезімтал келеді. Зерттеу мақсаты. Мақта өсіретін аймақта тұратын жасөспірім қыздардың соматикалық денсаулықтары мен гинекологиялық ауруларын бағалау.
Материал және әдістері. Мақта өсіретін аймақтағы (негізгі топтар) арасынан 253 жасөспірім қыздарды тексеруге алдық, сол сияқты мақта өсірмейтін аймқтағы (салыстырмалы топтар) арасынан 271 жасөспірім қыздарды тексеруге алдық. Зерттеу барысында қынап жағындысын бактериологиялық тексеруден өткіздік, медициналық картасына талдау жасадық, нәтижесінде алдын-алу шараларын қарастырдық. Нәтижелері және талқылауы. Негізгі топтағы қыздарда гинекологиялық аурулардың және соматикалық ауру жиіліктері жоғары дәрежеде екені анықталды. Аталған жастағы қыздарда кездесетін гипоменструальдық синдромдар (р<0,05), ал тыныс алу жүйесінің ауруына және асқазан – ішек жолдарына шалдыққандардың көрсеткіші (р<0,001 и р<0,01) сәйкес құрады. қорытынды. Аталған факторлардың барлығы жасөспірім кезеңдегі қыздардың репродуктивтік потенциалдардың төмендеуіне алып келеді. Осыған байланысты, аталған жастағы қыздардың контигенті, сауықтыру шараларын жүргізуді талап етуде.
Негізгі сөздер: жасөспірім қыздар, пуберанттық кезең, гинекологиялық аурулар, соматикалық денсаулық.
Тэги: АКУШЕРСТВО И ГИНЕКОЛОГИЯ