УДК: 616.858-036.22-078
А.А. Ақанова
С.Ж. Аcфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті, Алматы қ., Казақстан
ПАРКИНСОН АУРУЫНЫҢ АУМА Қ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ
Паркинсон ауруы базальды ганглилердің дофаминэргиялық дисфункциясына негізделген, ол қара заттың дофаминөндіруші жасушаларының трофикалық дегенерациясының нәтижесі. ПА үдемелі альфа-синуклеинопатикалық нейродегенеративті ауру ретінде қарастырылады. Паркинсон ауруының таралауына байланысты нақты деректер Алматы қаласының 638,803 тұрғыны бар төрт ауданында №11 емханасында 2012-2015 жылғы деректерге сүйене отырып жүргізілді. Материал және әдістері. Берілген зерттеу жұмысы Қазақстандағы ең ірі қалалардың бірі Алматы қаласында кезеңді түрде 2012 жылдан бері ретроспективтiк аурудың айналымдылығы негiзiнде жүргізілді. Нәтижелері және талқылауы. Аурудың ұзақтығы 2 ден 23 жыл аралығын құрады (орташа
ұзақтық 9,2+3,5 жыл). Әйелдер арасында аурудың орташа жасы 56,4+2,8 жасты құрады, ер адамдар арасында 63,6+3,5 жас. Хен – Яр шкаласы бойынша баға бере отырып, науқастар тәжірибе кезінде аурудың келесідей кезеңіне ие болды, 1-1,5 кезең -19,2%; 2-2,5 кезең – 46,15%; 3 кезең – 23,07%; 4-5 кезең -11,53% тізімде тұрған барлық науқастарды ескере отырып алынған көрсеткіш. Жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша, ПД шалдыққандардың ең басты мәселесі боп, кеш қойылған диагноз болып саналады.
Қорытынды. Қорыта келе, ПД таралу көрсеткіші зерттелген тұрғындар арасында 100 мыңға 62 адамды құрады. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде 596 адам паркинсон ауруына шалдыққандығы анықталды. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер біздің еліміздегі ПД байланысты эпидемиологилық жағдайда алынған мониторингінің алғашқы кезең қорытындысы болып табылады. Алынған мәліметтер науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жүргізілетін іс – шараны тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыруға көмегін тигізеді. Жарияланатын тәжірибелер қорытындысы әлі де саралаудан өтеді..
Негізгі сөздер: таралуы, зерттеу, клиникалық әдіс, эпидемиологиялық әдіс, Паркинсон ауруы.
Тэги: НЕВРОЛОГИЯ