УДК 615.322:615.493.4:615.014.41-078
Э.Б. Қартбаева, З.Б. Сақыпова, Л.Н. ИБРАГИМОВА
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Алматы қ., Казақстан
ЦИСТАНФИТ ШАРТТЫ АТАУЫМЕН СОРТАҢДЫ ЦИСТАНХЕНІҢ КАПСУЛА ТҮРІНДЕГІ ҚҰРҒАҚ ЭКСТРАКТІСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ САҚТАЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
Аталған жұмыста Сортаңды Цистанхе (Cistanche salsa L.) жыланбұтағынан алынған құрғақ экстракттан жасалынған капсула қалыбында, ЖШС «ФитОлеум», Есік қаласындағы тәжірибелік-өндіріс жағдайында алынған потенциалды жаңа дәрілік препараттың тұрақтылығы мен сақталу жағдайларының зерттеу нәтижелері көрсетілген.
Біріншілік қаптамадағы құрамның тұрақтылығын зерттеу барысында 25±2°С температурада және салыстырмалы ылғалдық 60±5% жағдайында 18 ай бойы тұрақтылығы сақталды. Тұрақтылық спецификациясының талаптарына сәйкес сапалық, сандық және микробиологиялық сипаттамаларының нәтижелері рұқсат етілген көлемде сақталуы препарат құрамының, қаптаушы материалдарының және сақталу жағдайларының дұрыстығын көрсетеді.
Мақсаты. Цистанфит шартты атаулы Сортаңды Цистанхенің капсула түріндегі құрғақ экстрактісінің тұрақтылығын және сақталу жағдайларын ұзақ мерзімді табиғи жағдайда (long-term / real time testing) зерттеу.
Материал және әдістері. Зерттелетін препараттың ұзақ мерзімді зерттеулерде тұрақтылығы мен сақталу мерзімін анықтау үшін реальды режим уақытында сапалық негізгі параметрлер пайдаланылды.
Нәтижелері және талқылауы. Нұсқаларды бақылау уақытының аралығы 0, 3, 6, 9, 12, 18 ай, осы арқылы белсенді заттардың тұрақтылығын уақыт аралығында дәлелдеуге мүмкіндік болды.
Қорытынды. Тұрақтылық спецификациясының талаптарына сапа көрсеткіштерінің 18 айдағы нәтижелерінің сәйкестігі сақталу мерзімін 18 айға бекітуге мүмкіндік береді.
Негізгі сөздер: тұрақтылық, сақталу жағдайлары, long-term / real time testing, фармацевтикалық субстанция, сақталу мерзімі, Сортаңды Цистанхенің құрғақ экстракті, Cistanche salsa L., капсулалар, сапа параметрлері.