УДК 614.71 (574.13)
Н.К. Үсенов
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті,
Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАСЫНЫҢ САПАСЫНА ГИГИЕНАЛЫҚ САРАПТАМА
Өзектілігі. Атмосфералық ауа және оның құрамындағы ластағыштар урбанизацияланған аймақтарда тұратын тұрғындардың денсаулығына жоғары деңгейде қауіп-қатер туғызатын «бірінші дәрежелі фактор» болып табылады.Мақалада Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейі зерттелген. Атмосфералық негізгі ластаушы заттардың сапалық және сандық динамикасына гигиеналық талдау жасалған.
Зерттеу мақсаты. Қоршаған ортаның ластануы деңгейі тұрғындардың денсаулық жағдайын төмендетіп, еліміздегі әлеуметтік, демографиялық көрсеткіштердің дамуына кері әсер етуде. Міне осы мақсатта, біз Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейіне гигиеналық сараптама жасадық.
Материал және әдістері. Алынған деректерді негізге ала отырып, Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейіне гигиеналық талдау жасадық.
Нәтижелері және талқылауы. Ақтөбе қаласының атмосфералық ауаның ластану критерийі бойынша: 2013 жыл: Ксум= 1,5х1,5 + 0,6х2,0 + 0,375х1,5 + 0,2х4,0 +3,0х1,5 = 9,3 2014 жыл:Ксум= 0,55х1,5 + 0,2х2,0 + 0,25х1,5 + 0,179х4,0 + 1х1,5=3,8. Нәтижесінде: 2013 жылы 9,3, 2014 жылы 3,8 екі жылда орташа дәрежелі ластану болған.
Қорытынды. Ақтөбе қаласының атмосфералық ауа ластаушы заттарының басым бөлігінде, мөлшерінің деңгейі бойынша ШРЕК– тен жоғары болып отыр.
Негізгі сөздер: атмосфералық ауа, ауаның ластануы, ластаушы токсиканттар.
Тэги: ЭКОЛОГИЯ