УДК 616.71-007.234(574.13)
Т.Х. НҮРСЕЙТОВА
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Ақтөбе қ.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОСТЕОПОРОЗ СЫРҚАТЫНА САРАПТАМА
Қазақстан халқының түрлі топтары арасында остеопороздың таралуын зерттеу және оның алдын алудағы жаңа әдістемелерді популяциялық деңгейде әзірлеу тағам гигиенасының аса өзекті міндеттеріне жатқызылады.
Зерттеу мақсаты. Ақтөбе облысындағы ауыл тұрғындары арасында остеопороздың таралуын зерттеу.
Материал және әдістері. Зерттеуге 40 – 70 жас аралығындағы 200 ауыл тұрғыны қатысты. Орта жасты 56 жас құрады. Зерттеу барысында тұрғындарға сауалнама жүргізілді.
Нәтижелері және талқылауы. Сауалнама нәтижесінде ауыл тұрғындары арасында остеопороздың өзгеретін факторлары анықталды: шылым шегетіндер 40%, алкоголь тұтынатындар 72%, кальцийді жеткіліксіз тұтынытындар 68%.
Қорытынды. Остеопороз сырқатына жүргізілген зерттеу нәтижесінде остеопороздың даму қаупі факторлары Ақтөбе облысының ауыл тұрғындары арасында жоғары таралуы анықталды.
Негізгі сөздер: остеопороз, қауіп факторлары, сыну қаупі.
Тэги: ТРАВМАТОЛОГИЯ