УОК 616.831-005.1:616.8-07
Б.Д. ЖҰРҚАБАЕВА, А.Е. АСҚАРОВА
Казақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Алматы қ.
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕДЕЛ БАС МИ ҚАН АЙНАЛЫСЫНЫҢ
ГЕМОРРАГИЯЛАУ ТИПТІ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ПАТОЛОГОАНАТОМИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕСІ
Көптеген әдебиеттерде ерте жастағы балалардағы жедел бас ми қан айналысының геморрагиялау типті бұзылуының патоморфологиялық ерекшеліктері нашар көрсетілген.
Зерттеу мақсаты. Ерте жастағы балалардың жедел бас ми қан айналысының геморрагиялау типті бұзылуының патоморфологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Материал және әдістері. Геморрагиялық типті ми қан айналысының бұзылысы бар 458 баланың алғашқы 3 ай өмірі зерттелді. Нәтижесінде 66 балада қатал болып шыққан патологоанатомиялық мінездемесі анықталды.
Нәтижелері және талқылауы. Ерте жастағы балалардың инсульт геморрагиялау типі арасында ми және басқа да ағзалардың аурулары кездесетіні де зерттелді. Олардың ішінде бас ми, басқа ағзалар тіндерінің эксудативті – некротикалық типті жүретін қабыну процесі анықталды.
Қорытынды. Ерте жастағы балалардың инсульт геморрагиялау типті патологоанатомиялық мінездемесінде көбінесе бас ми, баска ағзалар қабыну процесі анықталды.
Негізгі сөздер: ерте жастағы балалардың жедел бас ми қан айналысының геморрагиялау типті бұзылуы, патологоанатомиялық мінездемесі.
Тэги: НЕВРОЛОГИЯ