УОК 616.831-005.1:616.8-008.6
Б.Д. ЖҰРҚАБАЕВА, А.Е. АСҚАРОВА
Казақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Алматы қ.
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕДЕЛ БАС МИ ҚАН АЙНАЛЫСЫНЫҢ
ГЕМОРРАГИЯЛАУ ТИПТІ БҰЗЫЛУЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ СИНДРОМОЛОГИЯСЫ
Көптеген әдебиеттердегі мәліметтер ерте жастағы балалардың жедел бас ми қан айналысының геморрагиялау типті бұзылуының клиникалық белгілерінің ерекшеліктерін аз дәрежеде сипаттайды.
Зерттеу мақсаты. Ерте жастағы балалардағы геморрагиялау типті инсульттің клиникалық белгілерінің ерекшеліктерін зерттеу.
Материал және әдістері. Геморрагиялық типті ми қан айналысының бұзылуы бар 458 баланың алғашқы 3 ай өмірінің ауру тарихына, шағымына клиникалық – неврологиялық, инструментальды тексеру жүргізілді.
Нәтижелері және талқылауы. Ерте жастағы балалардағы инсульт жалпы милық симптоматиканың кең тараған көріністері лоқсу, естің прогресивті түрде бұзылуымен, тырысулармен, гипертермия арқылы көрінеді. Қабықшалық синдром кезінде шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, нистагмы басым болып келеді. Локальды симптомдардың ішінде жоғары сіңірлік рефлекстер, бұлшық еттер тонусының өзгеруі, ему және жұту бузылыстары айқын басым болып келеді. Клиникалық белгілерге бас миының ісінуімен қатар бас ми ішілік гипертензия жатады.
Қорытынды. Ерте жастағы балалардағы инсульт жалпы милық, қабықшалық, локальды симптоматикалық, сонымен қатар ми ісінуі клиникалық белгілерімен қатар жүреді.
Негізгі сөздер: Ерте жастағы балалардағы жедел бас ми қан айналысының геморрагиялау типті бұзылуы, клиникалық синдромологиясы.
Тэги: НЕВРОЛОГИЯ